Нұрсұлтан Назарбаев озық үлгідегі Ultra-Clima инновациялық жүйесінің қолданылуымен салынған жылыжайды аралап көрді.
Қазақстан Президентіне осы жобаның көкөністі бүкіл өңірге жеткізу, сондай-ақ оны таяу және алыс шет елдерге экспорттау мүмкіндіктері жөнінде баяндалды,- деп хабарлайды akorda.kz.
Кәсіпорынның өнімділік қуаты жылына 6 мың тонна көкөніс өндіруге жетеді. «Greenhouse Kazakhstan» жылыжай кешені «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамының қолдау көрсетуімен мемлекеттік индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында салынған.