ҚазТАГ – Қазақстандық шекарашылар Түркияға мағлұмдалмаған ірі көлемдегі ақшалай қаражатты алып өтпекші болған адамның жолын кесті, деп хабарлады ҚР ҰҚК шекара қызметінің баспасөз қызметінен.
«Атырау авиа» шекаралық бақылау бөлімшесінің мемлекеттік шекара күзетшілері «Атырау — Анталия» рейсінде мағлұмдалмаған 102 300 АҚШ доллары бар 26 жасар Қазақстан азаматын ұстады», — делінген сәрсенбіде шекара қызметінің хабарында.
Аталмыш факті бойынша өзара байланысты орган өкілдері хабардар етілген.