“Жасыл ел” еңбек маусымы аудан, қалалардан 225 студенттті жұмыспен қамтиды. Ерікті топ облыс көлемінде 8 гектар жер аумағына 12 мыңнан астам ағаш көшеттерін отырғызып, күтіп баптайтын болады. Маусымның ашылу салтанатында оқу жылын аяқтаған жастар жобаға қызығушылық танытып, қаламызды көркейтуге құштарлы екендіктерін танытты. Айта кетейік, әрбір студент атқарған еңбегіне сай жалақымен қамтылған.
Аяжан Дәулетбай