Қазығұрт ауданының өнерпаздары республикалық басылымның мерейтойына орай өнер сайысын ұйымдастырды.
Қазығұрт аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен аудандық мәдениет сарайында « Айғақ» газетінің 20 жылдығы мен «Айғақ» телеарнасының 10 жылдығына арналған «Үздік күйші» және «Үздік термеші» байқауы өтті. Сайыстың мақсаты- күй, айтыс, терме жанрын дамыту, жас ұрпақты ұлттық құндылықтарға құрметпен қарауға тәрбиелеу, өнерпаздарға кең жол ашып, қолдау көрсету болып табылады.Байқауға ауданға қарасты ауылдық округтерден 15 үміткер қатысып, бақ сынады. Қазылар алқасының шешімімен І-ші орын қазығұрттық Сапар Назеркеге бұйырса,
ІІ-ші орынды қазығұрттық Нұрлан Әбдібек қанжығасына байлап, ІІІ-ші орын шарбұлақтық Бұғыбай Бибарыстың еншісіне берілді.
Өнер додасына түскен барлық қатысушыларға дипломдар, жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табыс етілді.