Қазақстанда «А» корпусындағы шенеуніктердің санын қысқартады, деп хабарлады ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Қайрат Қожамжаров.
«Президент әкімшілігімен бірге біз тұжырымдылық ұсыныстар (мемқызметті реформалау жөнінде – ҚазТАГ) әзірледік, ол мемлекет басшысына беріледі. Олар «А» корпусындағы лауазым санын қысқартуға байланысты. Ол «А» корпусындағы басшылық институтын жетілдіру бойынша жинақталған тәжірибені ескеріп жасалды», — деді Қ. Қожамжаров сәрсенбі күні 2016 жыл қорытындысына арналған коллегияда.
Ол, «А» корпусында тек жауапты хатшылар, министрліктердегі комитет төрағалары, орталық пен өңірлердегі аппарат жетекшілері, сондай-ақ аудан және қала әкімдері ғана қалады деді.
«Босаған вакансияларды тікелей конкурс жолымен жұмыс тәжірибесі жеткілікті және қажет құзыреті бар мемқызметкерлер ғана ала алады. Сонымен қатар бүгінгі бар «А» корпусының резерві қолданылады. Бұл әдіс мансап үлгісінің қағидаларына толығымен жауап береді», — деді Қ. Қожамжаров.
Сондай-ақ ол келесі жылдан бастап шенеуніктердің еңбек ақысын төлеудің жаңа үлгісі – нәтижесіне қарай төлеу — жоспарлануда деді.
«Өңірлердің міндеті – әрбір лауазым үшін меморгандардың мақсаттық индикаторларына қол жеткізу бойынша өлшенетін және нақты бағалау критерилерін әзірлеу керек. Ол «В» корпусындағы да, «А» корпусындағы да мемқызметкерлерді бағалауға қатысты болады», — деді агенттік басшысы.
Фото: mgorod.kz