• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жексенбі, Тамыз 23, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Каир қаласында Абай ескерткіші ашылды

15.10.2016
0

13 қазанда Мысыр Араб Республикасының астанасы Каир қаласында қазақтың ұлы ақыны әрі ойшылы Абай Құнанбайұлына арналған ескерткіш-бюстің салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп xабарлайды ҚазАқпарат.  «Абай ескерткіші Каир орталығындағы ең көрікті жерлердің бірі «Еркіндік және достық» саябағына қойылды. Шараға Мысыр Араб Республикасы сыртқы істер, халықаралық қатынастар және мәдениет министрліктерінің өкілдері, дипломатиялық корпустың мүшелері, мысырлық жетекші БАҚ журналистері, қоғам қайраткерлері, сондай-ақ, Мысырда оқитын және тұратын қазақстандық азаматтар қатысты», — делінген Қазақстанның Мысырдағы Елшілігі таратқан xабарламада.0b7c1abddf994e65a710a7222abe7d63Салтанатты рәсімде Қазақстанның Мысырдағы Елшісі әрі осы идеяның бастамашысы болған Берік Арын, Каир губернаторының орынбасары Мұхаммед Айман, сондай-ақ осы істің демеушісі және мүсін авторы сөз сөйледі.

Елші өз сөзінде Абайдың қазақ және әлемдік әдебиетке қосқан үлесіне тоқтала келіп, оның 150 жылдық мерейтойына орай ЮНЕСКО халықаралық ұйымының 1995 жылды «Әлемдегі Абай жылы» деп жариялауы ақын таланты мен еңбегінің әлемдік деңгейде мойындалуының нақты айғағы екендігін атап өтті. Ал, Қазақстанның Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұлы ойшылға арналған ескерткіш-бюстінің Елордамен бауырлас Каир қаласында қойылуы — екі ел халықтары арасындағы көпжылдық достықтың беріктігін дәлелдейді, деді ол.

Өз тарапынан Каир губернаторының орынбасары «Абай ескерткішінің Мысыр астанасының орталығында ашылуы — ол мегаполис үшін қазақ және мысыр халықтарының рухани-мәдени жақындығын білдіретін айтулы оқиға» деп атап өтті. Оның айтуы бойынша Каир губернаторлығы ұлы қазақ халқының перзентіне ескерткіш орнату жайындағы идеяны қуана қарсы алып, оның жүзеге асыруда барынша мүмкіндіктер жасады. Кейінірек сөз алғандар Абай шығармаларындағы гуманистік идеялардың өзектілігі бүгінгі күні арта түсетіндігін айтты.

Шара соңында Мысырда оқитын қазақстандық студенттер Абай лирикалық өлеңдерін орындады. Сонымен қатар, қонақтарға араб тіліне аударылған Абайдың «Қара сөздері» мен  өлеңдер жинағы сыйға тартылды.a412a18a3a1430cc2b84ffdc19a8054fОсы ретте, аталған ескерткіш-бюстің Каирдегі ҚР Елшілігінің қолдауымен мысырлық меценат, Қазақстан мен Мысыр достығы қауымдастығының мүшесі доктор Хусейн Әл-Шафиидің қаражатына қойылғандығын, ал бюстің авторы қолтумалары Каирден басқа Мәскеу, Санкт-Петербург, Қазан және Ташкент қалаларында орнатылған белгілі мысырлық скульптор Усама Әл-Серуи болғандығын атап өту керек.

1998 жылдан бері мысырлық көшелердің бірі Абай атымен аталады, ал Елорданың орталық көшелерінің біріне мысырлық белгілі жазушы және әдебиеттанушысы Таха Хусейннің есімі берілген. Бүгінде қазақтың ұлы ақыны әрі ағартушысы Абайдың ескерткіштері Мәскеу, Бейжің, Ташкент, Витебск, Тегеран, Ыстамбұл және Будапештте орнатылған.

Ақпарат көзі: bilim-all.kz

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

40 ОТБАСЫНЫҢ ҚУАНЫШЫ

40 ОТБАСЫНЫҢ ҚУАНЫШЫ

Айғақ медиа
21.08.2026
0

Шымкентте тұрғындарды қолжетімді баспанамен қамту бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Кезекті 40 отбасы Бозарық шағынауданынан жаңа пәтерлерінің кілтін алып, қоныс тойын тойлады....

ӘКІМНІҢ БІЛІМ ГРАНТЫ КІМГЕ БҰЙЫРАДЫ?

ТҰРАНДА ЖОЛ МӘСЕЛЕСІ 100 % ШЕШІЛДІ

Айғақ медиа
21.08.2026
0

Тұран ауданында инженерлік инфрақұрылым шешім тапты деуге болады. Тек табиғи газ бен кәріз жүйесін қоспағанда.  Аудан басшысы бұл 2027 жылдың...

ӘКІМНІҢ БІЛІМ ГРАНТЫ КІМГЕ БҰЙЫРАДЫ?

100% ИНФРАҚҰРЫЛЫММЕН ҚАМТЫЛҒАН АУДАН

Айғақ медиа
21.08.2026
0

Абай ауданы инфрақұрылыммен 100% ға қамтылды. Бұл туралы баспасөз брифингінде 6 айдығы жұмыстарды саралаған аудан әкімі айтты. Дегенмен, күн санап...

ӘКІМНІҢ БІЛІМ ГРАНТЫ КІМГЕ БҰЙЫРАДЫ?

ҚАЛДЫҚ СҰРЫПТАЙТЫН ОРЫНДАР КӨБЕЙЕДІ

Айғақ медиа
21.08.2026
0

Шымкентте тұрмыстық қалдықтарды сұрыптап жинауға арналған 4 арнайы орын бар. Мұнда қағаз, пластик, шыны секілді қалдықтар бөлек жиналып, қайта өңдеуге...

ӘКІМНІҢ БІЛІМ ГРАНТЫ КІМГЕ БҰЙЫРАДЫ?

БЮДЖЕТТЕН 23,4 МЛРД ТЕҢГЕ ҮНЕМДЕЛДІ

Айғақ медиа
21.08.2026
0

Шымкентте мемлекеттік бюджеттен 23,4 млрд теңге үнемделді. Қаражат бюджет шығыстарын қайта қарау, негізсіз жоспарланған шығындарды қысқарту және мемлекеттік сатып алулардағы...

ӘКІМНІҢ БІЛІМ ГРАНТЫ КІМГЕ БҰЙЫРАДЫ?

ӘКІМНІҢ БІЛІМ ГРАНТЫ КІМГЕ БҰЙЫРАДЫ?

Айғақ медиа
21.08.2026
0

Жаңа оқу жылында Шымкент қаласының әкімдігі 234 білім беру грантын ұсынды. Бұл гранттар еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарды қамтиды. Қала...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.