Құрметті қала тұрғындары!
2016 жылдың 15-қазанында Шымкент қаласында жалпықалалық сенбілік өтеді. Күн өткен сайын көркейіп, ажарлана түскен шырайлы Шымкент баршамыздың ортақ үйіміз. Ендеше, қаламыздың тазалығына бірге атсалысайық! Тұрғылықты жеріміздің таза болуына үлесімізді қосып, өз аулаларымыз бен көшелерімізді тазалауда белсенділік танытайық!