Түркістан қаласында фармацевт дәрігердің салғырттығынан жасөспірім ауруханаға түскен. Медицина маманы дәріханаға келген балаға дәріні рецептісіз сатқан. Ол аздай үлкен адамға арналған препаратты берген болып шықты. Дәріханалардағы кемшілік бір бұл ғана емес. Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау саласының мамандары биылғы 9 айда 97 тексеру жүргізіп, дәрі саудасындағы біраз былықтың бетін ашты. 44 дәріханада бекітілген талаптардың сақталмайтындығы белгілі болған. Оларға ескерту жасалып, 5 жарым миллион теңгеге жуық айыппұл салынды.
Ляззат Қашқымбаева, Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің ОҚО бойынша департаментінің басшысы
-Біз өзіміздің тарапымыздан әкімшілік хаттама толтырдық. Сондай-ақ бала уланып қалған себебінен біз мұны Ішкі істер органдарына бердік. Сол заң бұзушылықтар ішінде 35 әкімшілік заң бұзушылықтар анықталып, 5 млн 475 мың теңге көлемінде айыппұл салдық.
Ақпарат көзі: www.khabar.kz