Қала әкімі Ғ. Әбдірахымов Түркістан көшесі мен Тауке хан даңғылы аралығында жаяу жүргіншілерге арналған жолдың құрылысымен танысты. Сонымен қатар шаһар басшысы Тауке хан даңғылындағы автожолдың жəне Д.Қонаев даңғылы бойындағы қалалық балалар мен жасөспірімдер орталығы алдында салынып жатқан автотұрақтардың құрылысын тексеріп шықты.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі