Бүгін өңір басшысы Бейбіт Атамқұлов азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдады. Облыс әкімімен кездесуге келген өңір тұрғындары жұмыспен қамту, коммуналдық, денсаулық сақтау, әлеуметтік, мәдени мәселелер бойынша арызданып, ұсыныс, тілектерін жеткізді. Жеке қабылдауға келген әрбір азаматтың мәселесіне қаныққан аймақ басшысы көтерілген сауалдар бойынша тиісті сала басшыларына тапсырмалар берді.
ОҚО әкімінің баспасөз қызметі