Дүйсенбі күні кешкі сағат 20:30 шамасында «Оптовик» («Акбар») базарында өрт шықты. Өрт сөндіру қызметінің жедел əрекет етуінің нəтижесінде жалын сағат 21:42 құрықталды. 2700 шаршы метрді құрайтын аумақтың 210 шаршы метрі өртке шалынды. Тілсіз жауды құрықтауға өрт сөндіру қызметінің 42 жеке құрамы, 9 теxникасы, сонымен қатар ЛТД «Тұрмыс» ЖШС-нің 6 су тасушы машинасы жұмылдырылды. Қазіргі таңда зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Оқиға орнына қала əкімі Ғабидолла Әбдіраxымов пен облыс əкімінің орынбасары Жақып Бөкенбаев келіп, ондағы сауда-саттықпен айналысатын тұрғындармен өртенген сауда нысанын қайта қалпына келтіру туралы сөйлесті.
Қазіргі уақытта өрттің шығу салдары анықталуда.
ПРЕЗИДЕНТ ҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІККЕ ҚАТЫСТЫ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылған жалпықалалық сенбілікке қатысып, елордадағы «Ұлытау» аллеясында ағаш отырғызды. Президентпен...