ОҚО ІІД Жергілікті полиция қызметкерлері жергілікті атқарушы органдар мен білім, денсаулық сақтау, үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп, 1-10 маусым аралығында кең көлемді онкүндік шарасын өткізбек.
«Жол қозғалысы қауіпсіздігінің онкүндігі» шарасы көлік қозғалысы кезінде жол жүру ережесін сақтап, қауіпсіздікті күшейтуді көздейді.
Онкүндік кезінде көлік басқарушыларының қауіпсіздік белдігін тағуы, 12 жасқа дейінгі балалардың автокресломен қамтамасыз етілуі, мотоцикл басқарушыларының мотодулығасын киюі сынды жайттар қатаң қадағаланатын болады. Рейдтік тексеру шаралары ауылды жерлерде де ұйымдастырылмақ.
ЕҢБЕГІ ЕРЕН ЕРЛЕР
Ұлттық ұланның 6698 әскери бөлімінде ел тыныштығын күзетіп, қызметтік міндетін абыроймен атқарып жүрген қос азамат марапатталды. Капитан Рахымжан Тұяқбаев пен...










