• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Бейсенбі, Ақпан 12, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Жерлесіміз, кәсіпқой боксшы Бейбіт Шүменов америкалық боксшы Джуниор Райтты тізе бүктірді

24.05.2016
0

Қазақстандық кәсіпқой босшы, жерлесіміз Бейбіт Шүменов 21 мамыр күні америкалық боксшы  Джуниор Райттты жеңіп, WBA нұсқасы бойынша бірінші ауыр салмақта «тұрақты» әлем чемпионы титулын жеңіп алды. АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткен  12 раундық кездесудің 10-шы  рауындында Бейбіт Шүменов қарсыласын техникалық нокаутпен тізе бүктіріп, қазақ елінің абыройын тағы бір мәрте асқақтатты. Жерлесіміз, кәсіпқой боксшы Бейбіт Шүменов 21 мамыр күні кәсіпқой рингтегі 17-ші жеңісіне қол жеткізді. Олардың 11 –і мерзімінен бұрын аяқталған. Яғни АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткен  12 раундық кездесудің 10-шы  рауындында Бейбіт Шүменов қарсыласы Джуниор Райтты техникалық нокаутпен тізе бүктіріп WBA нұсқасы бойынша бірінші ауыр салмақта «тұрақты» әлем чемпионы титулын жеңіп алды. Осы орайда айта кету керек Бейбіт Шүменов Жартылай ауыр салмақта 2 дүркін, және  ауыр салмақта 2 дүркін чемпион атанып отырған ТМД елдеріндегі жалғыз боксшы.  Осылай деген даңқты  былғары қолғап шеберінің әкесі, белгілі кәсіпкер  Әмірхан Шүменов ұлының бұл жолғы қарсыласының есімі кездесуге небәрі 3 күн уақыт қалғанда ғана белгілі болғандығын айтады. Әрине мұндай жағдайдың боксшы үшін оңайға түспейтіндігі анық. Тіпті алдын ала насихат жұмыстарының аздығынан осы бір маңызды кездесуге Америкадағы қазақ диаспоралары мен студенттері де қатыса алмапты. Алайда мұндай жағдайларға қазақ спортшысының сағы сынған жоқ. Өзінің қайсарлығы мен батылдығн тағы бір мәрте дәлелдеп жеңіске жетті.

Бейбіт Шүменов 1983 жылы 19 тамызда дүниеге келген. Жастайынан спортқа құштар ол алғашқы қадамын әуесқой бокстан  батап, талай жетістіктерге қол жеткізген.   Ол 2003 жылы Үндістанда өткен бірінші Африка-Азия ойындарының күміс жүлдегері. 2004 жылы Филипинда өткен Азия чемпионатының алтын медаль иегері. Сондай ақ ол 2004 жылы Афинада өткен олимпиадаға қатысқан. Ал кәсіпқой бокста да талай мықтылармен шаршы алаңға шығып ел мерейін асқақтатып жүрген жерлесіміздің жетістіктері аз емес. «Түзде баласы атқа шапса, үйде анасы тақымын қысады» дегендей Бейбіт Мұхиттың арғы жағында жекпе-жекке түсіп жатқанда тілеулес әкесі көбіне  ұлының кездесуін теледидар арқылы тамашалап, сәттілік тілеп отырады. Бүкіл қазақ халқы тілеуін тілеген Бейбіттің 21 мамыр күнгі жеңісі Американың төрінде қазақтың көк байрағын тағы бір мәрте желбіретті. Ұлының әлі де талай белестерді бағындыру ниеті бар екендігін айтқан әкесі Әмірхан Шүменов Бейбітті ең алғаш бокс мектебіне өзі апарған.  Бірінші ауыр салмақта «тұрақты» әлем чемпионы титулын жеңіп алған  жерлесіміз Бейбіт Шүменов ендігі жерде  Ресей былғары қолғап шебері, әлем чемпионы Денис Лебедевпен кездесу өткізуі тиіс. Ендеше қазақ елін әлемге танытып жүрген спортшымызға сәттілік пен жеңіс тілейміз.

Абай ОМАР

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ҚАЗАҚСТАННЫҢ БІРҚАТАР ӨҢІРІНДЕ ОҚУШЫЛАР ҚАШЫҚТАН БІЛІМ АЛУДА

ҚАЗАҚСТАННЫҢ БІРҚАТАР ӨҢІРІНДЕ ОҚУШЫЛАР ҚАШЫҚТАН БІЛІМ АЛУДА

Айғақ медиа
11.02.2026
0

Ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздің бірқатар өңірлерінде мектеп оқушылары онлайн форматқа көшті. Астанада бірінші ауысымдағы 0–6 сыныптар қашықтан білім алуда....

ПРЕЗИДЕНТ: ЦИФРЛАНДЫРУ — ҚАЗАҚСТАННЫҢ БОЛАШАҒЫНА ТІКЕЛЕЙ ӘСЕР ЕТЕДІ

ПРЕЗИДЕНТ: ЦИФРЛАНДЫРУ — ҚАЗАҚСТАННЫҢ БОЛАШАҒЫНА ТІКЕЛЕЙ ӘСЕР ЕТЕДІ

Айғақ медиа
10.02.2026
0

Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысына қатысып, елдің дамуына қатысты бірқатар салалар мен келелі істер бойынша сөз сөйледі. Соның бірі -...

АЙМАҚТАРДЫ ДАМЫТУДЫҢ 2030 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ БЕКІТІЛДІ

АЙМАҚТАРДЫ ДАМЫТУДЫҢ 2030 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ БЕКІТІЛДІ

Айғақ медиа
10.02.2026
0

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Менің тапсырмаммен былтыр 2030 жылға дейін аймақтарды дамытуға арналған тұжырымдама бекітілді. Басты мақсат – өңірлер арасындағы әлеуметтік-экономикалық теңсіздікті...

СУ ҮНЕМДЕУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ АРҚЫЛЫ 847 МЛН ТЕКШЕ МЕТР СУ ҮНЕМДЕЛДІ

СУ ҮНЕМДЕУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ АРҚЫЛЫ 847 МЛН ТЕКШЕ МЕТР СУ ҮНЕМДЕЛДІ

Айғақ медиа
10.02.2026
0

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов еліміздің су шаруашылығын жаңғырту бойынша жүргізіліп жатқан...

ҚРКФ ТӨРАҒАСЫ: «ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – АДАМ ҚҰНДЫЛЫҒЫ ЖҮЙЕДЕН ЖОҒАРЫ ТҰРАТЫН ЗАҢ»

ҚРКФ ТӨРАҒАСЫ: «ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – АДАМ ҚҰНДЫЛЫҒЫ ЖҮЙЕДЕН ЖОҒАРЫ ТҰРАТЫН ЗАҢ»

Айғақ медиа
06.02.2026
0

Сәрсенбі күні, 4 ақпанда, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының Төрағасы, Конституциялық комиссияның мүшесі Сатыбалды Дәулеталиннің жетекшілігімен Қазақстанның жаңа Конституциясы жобасын талқылау...

ТӘТТІГҮЛ ТАЛАЕВА  “ПАРАСАТ” ОРДЕНІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

ТӘТТІГҮЛ ТАЛАЕВА “ПАРАСАТ” ОРДЕНІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

Айғақ медиа
21.01.2026
0

Ақтөбе облыстық Қоғамдық кеңесінің төрағасы Талаева Тәттігүл Жақсыбайқызы Қазақстан Республикасының жоғары мемлекеттік марапаты – «Парасат» орденімен марапатталды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.