2016 жылдың 3 мамыр күні, күндізгі уақытта Шымкент ҚІІБ Әл-Фараби ПБ-не Шымкент қаласы Рысқұлов көшесінде орналасқан көпқабатты үйдің бірінде пәтер ұрлығы орын алғаны туралы хабар келіп түседі. Оқиға орынан барған жедел тергеу тобының анықтағанындай, белгісіз азамат кіреберіс есіктің екі құлпын бұзып, 52 жастағы жергілікті тұрғынның үйіне кірген және пәтерден бағалы тоны, әшекей бұйымдарын, ақшасын алып кетіп, 5 мың АҚШ долларынан асатын шығын келтірген. Одан кейін оқиға орнынан ізін суытқан.
Аталған жайт бойынша ҚР ҚК 188-бабымен «Ұрлық» қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Жедел іздестіру жұмыстары барысында полицейлер қылмыстық іске қатысы бар деген күдіктіні жақын маңдағы дүкенге кіріп, сатушымен есептесіп, дүкеннен шығып кеткені бейнекамераға түскенін анықтады.
ОҚО полицейлері орын алған ұрлық туралы қандай да бір ақпарат белетін азаматтар бар болса, дереу полицияға «102» телефонына хабар беруін сұрайды.
ҮКІМЕТ ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫН ТҮСІНДІРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫН БЕКІТТІ
Қазақстан Республикасының Үкіметі 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясын түсіндіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті. Тиісті қаулыға Премьер-министр...










