Шымкент қаласының полицейлері түрлі сауда нүктелерінің иелері мен қызметкерінен жалған жолмен ақша алған, алаяқ деген күдікпен жас азаматты іздейді. Жәбірленушілердің түсініктемесі бойынша, белгісіз ер адам сенімдеріне кіріп, әртүрлі себептермен қарызға ақша алып, кепіл ретінде көліктің кілтін немесе ұялы телефонын тастап кетіп отырған.
Сонымен, 2016 жылдың 15 мамыр күні Әл-Фараби ПБ-не 48 жастағы Шымкент қаласының тұрғыны белгісіз ер азаматтың дүкеніне келіп, дүкен иесінің сеніміне кіріп, қарызға ақша беруін сұраған. Жалған жолмен жәберленушіден 30 мың теңге көлемінде ақша алып, белгісіз бағытқа қарай жасырынғаны туралы арызданған. Жас азаматтың іс-әрекеті жәбірленушінің дүкенінде орналасқан бейнекамераға түсіп қалған.Аталған жайт Шымкент ҚІІБ Әл-фараби ПБ-нің Сотқа дейінгі тергеп-тексеру бірыңғай тізіміне тіркеліп, ҚР ҚК 190-бабымен «Алаяқтық» қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. ОҚО полицейлері күдікті туралы қандай да бір ақпарат белгілі болса, «102» телефонына хабар беруін сұрайды.
ҮКІМЕТ ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫН ТҮСІНДІРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫН БЕКІТТІ
Қазақстан Республикасының Үкіметі 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясын түсіндіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті. Тиісті қаулыға Премьер-министр...










