Бүгін «Нұр Отан» партиясы ОҚОФ-нда облыс әкімі, облыстық партия филиалы төрағасы Бейбіт Атамқұловтың қатысуымен салтанатты шара өтті. Сайлау науқаны кезеңінде белсенділік танытқан штаб мүшелері мен партияның сенімді өкілдеріне Елбасы, «Нұр Отан» партиясы Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың Алғыс хатын аймақ басшысы Бейбіт Атамқұлов табыстады. Осы электоралды кезеңде партияның облыстық сайлауалды штабына 531 мүше болған. Сонымен қатар, облысқа танымал, беделді 3222 сенімді өкіл жұмыс атқарған. Мемлекет басшысының Алғыс хатына ие болған азаматтардың қатарында «Айғақ»Телерадиокомпаниясы» ЖШС-ның президенті, ОҚО мәслихатының депутаты Дулат Әбіш те бар.
ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕГІ ТҮЙТКІЛДЕР
7-8 балдық жер сілкінісінен 120 мың адам панасыз қалуы мүмкін. Бұл жайында аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы Қайрат Бекбауов...










