Сәуір айының 16 — жұлдызы «Қызғалдақтарды қорғау күні». Осыған орай, Бәйдібек ауданына қарасты «Сырдария –Түркістан» мемлекеттік өңірлік табиғи паркінде қызғалдақтарды қорғау акциясы өтті. Шараға аудандық, қалалық жалпы білім беретін мектептердің оқушылары қатысып, өзара сайысқа түсті. Жыл сайын өткізілетін акцияның негізгі мақсаты, жастарымызды қоршаған ортаны қорғау проблемаларына жауапкершілікпен қарауға шақыру. 2013 жылы негізі қаланған мемлекеттік табиғи паркінде жалпы қызғалдақтың 2 — і түрі бар болса, оның біріншісі Грейг қызғалдағы, ал 2 — шісі Кауфман лалагүлділер тұқымдасының қызғалдақ туысына жататын, көпжылдық жуашықты өсімдігі. Табиғат ананың бізге тартқан керемет сұлулығын өскелең ұрпаққа мирас етіп, қызғалдақтарды қорғауға арналған шарада мектеп оқушылары парк аумағында 60—қа жуық ағаш көшеттерін отырғызды. Сайысқа қатысқан 5 — бірдей команда да жоғарғы деңгейде өз өнерлерін көрсетті. Яғни, тақырыпты кеңінен зерттеп, әділ қазылар алқасы тарапынан қойылған талаптардың барлығын дерлік бұлжытпай орындап шықты. Яғни, қатысушылар әрбір қызғалдақ гүлінің тарихына тереңнен бойлап, әсем гүлдің бар болмысын көпшілікке баяндады. Сайыс соңында, жеңімпаз командалар анықталып, марапатқа ие болды.
Ұлдархан Уәлиханқызы