Шымкент қаласының былғары қолғап шебері Қайрат Ерәлиев Рио-де-Жанейро қаласында өтетін Олимпиада ойындарының жолдамасына ие болды. Тамыз айында Бразилия жерінде өтетін байрақты бәсекеде бағын сынап, ел мерейін үстем ету үшін белді бекем буған жас боксшы Қытай елінде өткен іріктеу турнирінде топ жарды. Филипиндік Марио Фернандесті жеңіп, жеңіс тұғырынан көрінді. Шымкент бокс мектебінің түлегі 2013 жылы Ұлттық құрама сапында өнер көрсетіп жүр. Әлем чемпионаты мен Азия ойындарынан елге олжалы оралған қазақтың қайсар мінезді ұлының болашағынан үміт зор.