Бейсенбі күні қала әкімдігінде мектеп директорларын тағайындау бойынша кезекті ашық конкурс болып өтті. Бұл жолы Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың жетекшілігімен арнайы комиссиялық топ қалалық №33 және 36 мектептерінің басшылығына үміткерлер арасынан лайықтысына таңдау жасады. Аталмыш лауазымды қызмет үшін әрбір орынға 4 үміткер өз өтініштерін жолдаған болатын. Конкурс қорытындысы бойынша №33 мектептің директоры лауазымына осы мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарған Дана Әшірбекова, ал №36 мектепке бұған дейін №30 мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары болған Сәуле Мамытбекова тағайындалды. Айта кетейік, мектеп директорларын ашық конкурс арқылы тағайындау қала әкімі Ғ. Әбдірахымовтың тікелей бастамасымен жүзеге асуда. Бұл өз кезегінде, конкурстың ашықтығын және жариялылығын қамтамасыз ету мақсатын көздейді. Алдағы кезде облыс орталығындағы мектеп директоры қызметіне тек жоғары білікті, өз ісінің кәсіби мамандары ғана үміткерлер арасынан үздік атануға мол мүмкіндігі бар. Мамандардың айтуынша, үміткерлер үшін қатаң талаптың белгіленуі – педагог-басшылардың өз дайындық деңгейін одан әрі жетілдіре түсуіне, сонымен қатар, білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда дұрыс әрі нақты қадам болмақ.
ИДЕОЛОГИЯ — ҚУАТТЫ КҮШ
Ұлтты ұйыстыратын да, ұяны бұзатын да – ұлттық идеология. Қоғамның кеселін анықтап, оны емдеуші, отбасы, жастар, билік институтын берік қалаушы...