Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»«Көктем-2016» штабтық оқу-жаттығу өтті
    Жаңалықтар

    «Көктем-2016» штабтық оқу-жаттығу өтті

    Айғақ медиаАйғақ медиа04.03.2016231 Views

    Шымкент қаласындағы Өтегенов көшесі мен қиылысқан Дархан көшесін тағы да су шайып кетті. Қошқар ата өзенінің жағалауында орналасқан бұл көше алғашқы рет қызыл судың астында қалып отырған жоқ. Жыл сайын көктем мен күзде жандарын шүберекке түйіп отыратын жұртшылық көктем кылаң бере қамдарына кірісуде. Мұндағы төтенше жағдайға байланысты дабыл қағылып қалалық шұғыл қызметтер көмекке келді.12803187_928384873944519_9132295003268692390_nҚошқар ата өзенінің арнасынан асуы алғаш рет орын алып отырған жоқ. Қаңтардың басында біраз елді әбігерге салған оқиғаға байланысты шұғыл іс-әрекеттер жүргізілгенмен, қауіп әлі сейілген жоқ. Табиғат тосын мінез танытса, қатерге душар болатын жергілікті халық өзекті мәселенің тездетіп шешілуін қалайды. Осы мақсатта «Көктем – 2016» республикалық оқу жаттығу жұмыстары жүргізілді. Төтенше жағдайға байланысты пысықталған бұл жұмыстар кауіптің бетін біршама бері қаратуға тырысты. Шұғыл түрде іс әрекетке көшкен құтқарушылар алдымен су басқан үйлердің тұрғындарын оқшаулап, Қошқарата өзеніне абайсызда түсіп кеткен бір азаматты құтқарды. Үлкен көпірдің қоқысқа толып бітелуге шақ қалған көздерін ашуға техникалар мен қатар қала тазалығына жауапты мекеме қызметкерлері де атсалысты. Ернеуінен асқан өзен суын арықтарға бұрылып, жағалаулар нығайтылды. Күн жылынып қарқынды жауын-шашын түсе қалса, бойларын қорқыныш билейтін тұрғындар өз беттерінше әрекет жасап жатқандарын айтады. Алайда, біздің жағдайымызды өзгелер де  түсініп бақса екен дейді. 12778694_928384933944513_9028101968069080515_oҚаладағы қауіпті аймақ саналған орындарға сенбіліктер өткізуді жоспарлап отырған төтенше жағдайлар департаменті тұрғындардың тазалықты сақтауларын да қатаң ескертеді. Апаттың айтып келмейтіні тағы бар.

    Гүлнәр Асқарқызы

     

     

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.