Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Қалада төрт мектептің құрылысы басталады
    Жаңалықтар

    Қалада төрт мектептің құрылысы басталады

    Айғақ медиаАйғақ медиа01.03.2016331 Views

    Дүйсенбіде Шымкент қалалық мәслихатының кезектен тыс елу жетінші сессиясы өтті. Сессия жұмысына қала әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеров, қалалық мәслихат хатшысы Нұрлан Бекназаров, мәслихат депутаттары және бөлім басшылары қатысты. Сессияда бес мәселе қаралды.  Шешім жобаларының бәрі де тұрақты комиссияларда талқыланған. Қалалық мәслихаттың 2013 жылғы 19 шілдедегі № 24/161-5с «Шымкент қаласының басқару схемасы туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесі, ҚР «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына 2015 жылдың 2 қарашасында  енгізілген өзгерістерге сәйкес, Абай, Әл-Фараби, Еңбекші және Қаратау аудандарында жергілікті өзін-өзі басқару аумағы кеңесінің құрамын бекіту, қалалық мәслихаттың 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 54/411-5с «2016-2018 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу мәселесі депутаттар назарына ұсынылды. Айтылған мәселелердің бәрі де депутаттар тарапынан бірауыздан қолдау тапты. Өзгерістерге сәйкес, үш ауысымда оқитын мектептерді екі ауысымға ауыстыру үшін «Достық» шағынауданындағы 1200 орындық мектеп құрылысын, №59 орта мектепті қайта құру және «Қайнарбұлақ» шағынауданындағы мектеп пен Жаңаталап тұрғын алабындағы 600 орындық мектеп құрылысын бастауға ұсыныс беріліп отыр.      Сонымен қатар,  қалалық мәслихаттың 2015 жылғы 29 қыркүйектегі №50/392 – 5с «Б» корпусындағы Шымкент қалалық мәслихат аппаратының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» шешімінің күші жойылды деп тану мәселесін, сондай-ақ Шымкент қаласының қоғамдық кеңес құрамын бекітіп алу мәселесін де депутаттар бірауыздан қолдады.

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.