Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Шымкентте екі көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді
    Жаңалықтар

    Шымкентте екі көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді

    Айғақ медиаАйғақ медиа13.02.20161 215 Views

    Жұма күні Шымкент қаласында екі бірдей көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді. «Нұрсәт» мөлтекауданы мен Ақжайық шағынауданында бой көтерген келбеті келісті баспаналар «Қолжетімді баспана-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында өз иелеріне табысталып отыр. Қала халқының көптен күткен қуанышына облыс әкімі Бейбіт Атамқұловтың өзі ортақтасып, пәтер кілттерін үй иелеріне салтанатты түрде табастыды.Sequence 01.Still008«Өз үй үйін-өлең төсегіне» балап, жаңа пәтерлерге қол жеткізген бұқараның расында да қуанышында шек жоқ. Оған себепте жоқ емес, бүгін қолына пәтер кілтін алған азаматтың дені ұзақ жылдар баспана кезегінде тұрғандар. «Қолжетімді баспана» бағдарламасы бойынша баспаланы болған жанның бірі Тәжібаев Құдайберген. 10 жылдан бері үй кезегінде тұрған 4 баланың әкесі ІІ — топтағы мүгедек. Осы уақытқа дейін жалдамалы пәтерде күнелтіп келген азамат енді 3 бөлмелі баспанада жанұясымен бірге бақытты ғұмыр кешетіндіктерін айтып марқаюда.Sequence 01.Still017Сондай-ақ, бұл күні Ақжайық мөлтек ауданында да 36 пәтердің  кілті иегелеріне табыс етілді.  Жалпы бұл көпқабатты тұрғын үй Казақстанның Ипотекалық компаниясы арқылы пайдалануға берілді.  Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша коммуналдық тұрғын-үй  қорынан пәтер алу тізімінде  бүгінгі күнге дейін 21 547 азамат тіркелген. Оның ішінде, Ұлы отан соғысына қатысушылармен мүгедектер қазіргі таңда тұрғын үймен қамтылған, ал жетім және ата-анасының қамқорынсыз қалған балалардың саны 1483 болса, әлеуметтік жағынан әлсіз 7985 азамат баспана кезегінде.  Бұл тізімнің  1 2058 – ін мемлекеттік қызметші, бюджеттік және әскери қызметшілер толықтырып тұр.  Sequence 01.Still005Сапалы әрі сәнді салынған тұрғын үйдің құрылысын «Отау строй» компаниясы жүргізген. Құрылыс жұмыстарын өткен жылдың наурыз айныда бастаған серіктестік, нысанды өз мерзімінде пайдалануға беріп отыр. Елбасының тапсырмасына сай, жыл соңына дейін 1692 пәтерлі 21 тұрғын үй пайдалануға берілмек.

    Ұлдархан Уәлиханқызы

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.