Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Шымкенттегі той көліктерінің әрекеті қала әкімінің ашуын тудыруда
    Жаңалықтар

    Шымкенттегі той көліктерінің әрекеті қала әкімінің ашуын тудыруда

    Айғақ медиаАйғақ медиа27.01.2016226 Views

    Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әдірахымовтың төрағалық етуімен әкімдіктің кезекті мәжілісі өтті. Күн тәртібінде шахардың 2015 жылғы әлеуметтік –экономикалық дамуының қорытындылары және 2016 жылдың негізгі міндеттері талқыланды. Айта кету керек, қаланың жалпы әлеуметтік дамуын сипаттайтын негізгі көрсеткіштерде өсім байқалып отырғанымен Шымкентте қылмыс саны азаймай тұр. Қала әкімінің төрағалық етуімен өткен мәжілісте алғаш болып Шымкент қалалық Экономика және қаржы бөлімінің басшысы Рахымберді Мулкеманов баяндама жасады. Оның айтуынша өткен жылдың қорытындысы бойынша шахардың жалпы әлеуметтік дамуын сипаттайтын негізгі көрсеткіштерде өсім бар. Мәселен, былтыр жергілікті халық саны 884 мың 100 адамды құрап 2014 жылмен салыстырғанда 24,7 пайызға өскен. Ал өнеркәсіп өнімінің көлемі 289 млрд  100 млн тенгеге жетіп 3,7 пайызға артып отыр екен. Сондай-ақ ауыл шаруашылық саласының үлесі де 9 пайызға артып отырған жайы бар.886341_1691522814427412_1388952959754283146_oДесе де бұл көрсеткіштер көңіл қуантарлық жағдайда болғанымен Шымкентте қылмыс саны азаймай тұр. Мәселен есепті кезеңде ақша бопсалау 60,2 пайызға, алаяқтық 47,7 пайызға өскен.  Оған қоса 2015 жылы 1100 жол көлік оқиғалары тіркелсе, онда 106 адам қаза тауып 1400 ден астам азамат түрлі дене жарақаттарын алған. Алайда қаламызда азаймай тұрған қылмыстық оқиғаларға байланысты Шымкент қалалық Ішкі істер басқармасының бастығы Арман Бейсенбаевтың өз айтары бар. Ішкі істер басқармасы бастығының жауабынан соң қала әкімі шахардағы жол ережесін өрескел бұзып жүрген той кортеждеріне қатысты өткір сын айтты. Яғни негізгі көшелерде жол қозғалысына кедергі келтіріп заң талаптарын сақтамайтын той көліктерінің әрекеті қала әкімінің ашуын тудырып отыр. Осылайша өрбіген мәжілістің күн тәртібіндегі екінші мәселе қаланың 2015 жылға арналған бюджетінің атқарылу қорытындысы болатын Бұл бойынша да баяндама жасаған эконмика және қаржы бөлімінің басшысы былтырғы жылы салық түсімдерінің артығымен орындалғандығын атап айтты. Ал бюджет қаржысын игеруге келгенде 83 млрд 404млн тенгенің 145 млны игерілмей қалған. Сонымен қатар Шымкент қалалық құрылыс бөлімі өткен жылға  тиесілі екі жобаға  мемлекеттік сараптама құжаттарын ала алмаса. Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімі де 2 жобаның ЖСҚ әзірлеп үлгермеген. Осы және өзге де мәселелер сөз болған жиын соңынан қала әкімі тиісті бөлім басшыларына бірқатар  нақты-нақты тапсырмалар жүктеді.

    Абай ОМАР

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.