• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жексенбі, Шілде 13, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Оңтүстік полицейлері қарақшылық шабуыл деректерін әшкереледі

06.01.2016
0

Өткен мерекелік демалыс күндері Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД-нің полицейлері облыс аумағында орын алған қарақшылық шабуыл деректерінің бетін ашты. Сонымен, Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданында полицейлер автокөлік жүргізушісіне шабуыл жасады деген күдікпен үш жас жігітті қолға түсірді.Өткен жылдың 30 желтоқсаны күні түнгі уақытта, Сарыағаш АІІБ-ның кезекші бөліміне, Абай-Шардара тас жолының бойында қарақшылық шабуыл орын алғаны жайлы хабарлама келіп түсті. Оқиға орын алған жерге жедел жеткен жедел –тергеу тобы жәбірленушінің сөзі бойынша, 21 сағат 40 минут шамасында маркасы «ВАЗ-2106» автокөлігі жәбірленушінің басқаруындағы «Тайота-Камри» автокөлігінің алдын кесіп тоқтатып, автокөліктен түскен беттерін тұмшалап жапқан үш белгісіз тұлға жәбірленушіге физикалық күш қолданып және қарумен қорқытып, ұрып-соғып, байлап тастағанын, содан соң 5 миллион теңге ақшасын, ноутбук және маркасы «Айфон» ұялы телефонын алып кеткенін анықтады. ОҚО ІІД Криминалдық полиция басқармасының және Сарыағаш АІІБ-ның қызметкерлері бірлесе отырып жүргізген жедел-іздестіру іс-шарасы барысында 1987 жәнге 1991 жылдары туылған Сарыағаш ауданының үш тұрғынын күдікті ретінде құрықтады. Ұсталған үш күдікті қазір кінәларын толық мойындап отыр.
Полицейлер дубинка, ақшаның бір бөлігін және «ВАЗ» автокөлігін айғақ зат ретінде тәркіледі. Күдіктілер қамауға алынды. Аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 192-бабымен «Қарақшылық» қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.Ал, Түркістан ҚІІБ-ның қызметкерлері Түркістан қаласының аумағында қарақшылық шабуылдар жасады деген күдікпен 6 адамнан құралған қылмыстық топты құрықтады. Сонымен, 2015 жылдың 21 желтоқсаны күні, Түркістан ҚІІБ-нің кезекші бөліміне, 39-жастағы жергілікті тұрғын шағымданған, ол өз арызында түнгі уақытта беттерін тұмшалап жапқан төрт белгісіз тұлға оның үйіне баса-көктеп кіріп, физикалық күш қолданып және қарумен қорқытып, ақшасын, зергерлік бұйымдары мен ұялы телефонын алып кеткенін мәлімдеген. Жәбірленушіге жалпы 300 мың теңгеден астам шығын келтірген.Түркістан ҚІІБ-ның қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шарасы барысында 1992, 1994 және 1997 жылдары туылған Түркістан қаласының 6 тұрғынын күдікті ретінде құрықтады. Ұсталған алты күдікті қазір кінәларын толық мойындап отыр.Тергеу барысында ұсталған күдіктілердің 3 қарақшылық жасау дерегіне қатыстылығы анықталды. Жәбірленушілерге келітірілген жалпы шығын көлемі жарты миллион теңгеден астам қаржыны құрап отыр. Күдіктілер қамауға алынды. Айғақ заттар тәркіленді. Аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 192-бабымен «Қарақшылық» қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.Тағы да бір қарақшылық шабуыл жасаушы топ Оңтүстік Қазақстан облысының Түлкібас ауданында қолға түсті. 2015 жылдың 26 желтоқсаны күні, Түлкібас АІІБ-нің кезекші бөліміне Тұрар Рысқұлов ауылында қарақшылық шабуыл орын алғаны жайлы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына жеткен полицейлер, 14 сағат 40 минут шамасында беттерін тұмшалап жапқан екі белгісіз тұлға кеңсеге баса-көктеп кіріп, 1986 және 1998 жылы туылған кеңсе қызметкері мен оның інісіне физикалық күш қолданып, ұрып-соғып, байлап тастағанын, содан соң 200мың теңге ақша алып кеткенін анықтады. Жәбірленушілер медициналық көмекке жүгінген. Түлкібас АІІБ-нің қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шарасы барысында 1997 және 1998 жылдары туылған Шымкент қаласы және Түлкібас ауданының екі тұрғынын күдікті ретінде құрықтады. Полицейлер пышақты айғақ зат ретінде тәркіледі. Қазіргі таңда осы қылмысқа қатысты жан-жақты тергеу жұмыстары жалғасып жатыр, күдіктілердің қарақшылық шабуыл бойынша 2 жайтқа қатыстылығы анықталды. Күдіктілер қамауға алынды. Аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 192-бабымен «Қарақшылық» қылмыстық іс қозғалды.
Сонымен қатар, Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданында полицейлер жалдамалы пәтердің 61-жастағы иесіне шабуыл жасады деген күдікпен29-жастағы облыс орталығының тұрғынын қолға түсірді. Өткен жылдың 22 желтоқсаны күні, түнгі уақытта күдікті егде жастағы әйелге шабуыл жасап, сол аяғына пышақ жарақатын салып, содан соң ақшасын алтын бұйымдары мен ұялы телефонын алып кетіп, жәбірленушіге 100 мың теңгеден астам шығын келтірген. Аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 192-бабымен «Қарақшылық» қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамаға алынды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.Атап өтер болсақ, ОҚО ІІД –нің жеке құрамы және күштік құрылымдары жедел жағдайға байланысты пайдалана отырып жүргізілген бірқатар жедел алдын-алу іс-шараларының нәтижесінде қарақшылық деректері 2011 жылдан бері 291 жайтқа, яғни 77,8 пайызға төмендеген. Өткен жылы облыс аумағында орын алған қарақшылық шабуыл бойынша 83 жайт тіркеліп, оның ішінде 61 жайт ашылып, сотқа жолданып, ашылу пайызы 76,3-і құрап отыр.Соңғы бес жылда полицейлер қарақшылық шабуылды кәсіп еткен 70 қылмыстық топты құрықтады. Аталған қылмыстық топтардан шыққан 250-ден астам күдікті тергеу абақтысына жабылып, сотқа жолданды.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде қарақшылық шабуыл қылмыстарының саны төмендеді. Сонымен, 2011 жылы адам өлімі орын алған 5 қарақшылық шабуыл жайты, жанар-жағармай құю бекетіне жасалған -4 жайт, тұрғындарға жасалған -69 жайт, жүргізушілерге жасалған -12 жайт, сауда орындары мен дүкендерге жасалған -16 жайт тіркелген болса, ал 2015 жылы адам өлімі орын алған 1 қарақшылық жайты, жанар-жағармай құю бекетіне жасалған -2 жайт, тұрғындарға жасалған -3 жайт, жүргізушілерге жасалған -3 жайт, сауда орындары мен дүкендерге жасалған — 3 қарақшылық шабуыл жайты тіркеліп отыр. Сонымен қатар өткен жылы Оңтүстік Қазақстан облысында жүргізілген тұрғындардың ерікті түрде қару тапсыруы акциясы шеңберінде полицейлер 3830 дана травматикалық қару тәркіледі. Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары ерікті түрде қару тапсырған азаматтарға 156 миллион теңгеге жуық сыйақы төледі. Оңтүстікқазақстандық тәртіп сақшылары, құқықбұзушылық пен қылмыстарға қарсы жүргізілетін жедел алдын-алу іс-шараларының нәтижесінде қарақшылық шабуылдар айтарлықтай төмендейді деп үміттенеді.

Бөлісу12TweetPin

Ұқсас жазбалар

МӘЖІЛІСМЕН ТЖД ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

МӘЖІЛІСМЕН ТЖД ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Айғақ медиа
09.07.2025
0

Шымкент қаласында алты жаңа өрт сөндіру бөлімі салынады. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты мегаполиске жұмыс сапары барысында келгенде айтылды....

ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАҢА ТАЛАПТАР

АСПАЛЫ ЖОЛ ӨТКЕЛІ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН

Айғақ медиа
09.07.2025
0

Сенаторлар Шымкент қаласындағы теміржол өткелінің құрылыс жұмысымен танысты.Еңбекші ауданындағы Момынов көшесінің бойында салынып жатқан аспалы жол өткелі қаладағы көлік кептелісін...

ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАҢА ТАЛАПТАР

ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАҢА ТАЛАПТАР

Айғақ медиа
09.07.2025
0

 Қосымша білім беретін кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан жаңа талаптар енгізілді. Енді үйірмелерге қатысатын балалар саны шектеледі, сондай-ақ бұдан былай ерекше балаларды...

СОТ САРАПТАМА ОРТАЛЫҒЫНА ҚОЛДАУ ҚАЖЕТ

СОТ САРАПТАМА ОРТАЛЫҒЫНА ҚОЛДАУ ҚАЖЕТ

Айғақ медиа
09.07.2025
0

Елімізде генетикалық сараптама жасайтын 5 қана орталық бар. Соның бірі Шымкентте. Орталыққа Полиция департаменті мен азаматтық соттардан сұраныс өте көп...

ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУДА ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР КӨТЕРІЛДІ

ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУДА ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР КӨТЕРІЛДІ

Айғақ медиа
09.07.2025
0

Сенат депутаттары Нұрлан Бекназаров пен Айгүл Қапбарова қала тұрғындарымен жеке қабылдау өткізді. Қоғаммен тікелей байланыс орнату мақсатында өткен бұл кездесу...

ШАҺАРДЫҢ БІРЫҢҒАЙ ДИЗАЙН КОДЫН МӘСЛИХАТ БЕКІТЕДІ

ШАҺАРДЫҢ БІРЫҢҒАЙ ДИЗАЙН КОДЫН МӘСЛИХАТ БЕКІТЕДІ

Айғақ медиа
09.07.2025
0

Шымкент қаласының біртұтас дизайн кодын енді жергілікті мәслихат депутаттары бекітетін болады. Арнайы ереже арқылы шаһардың заманауи келбеті қалыптасып, жайлы, қолжетімді...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.