• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жексенбі, Қазан 18, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

«2015 жылдың Үздіктері» марапатталды

24.12.2015
0

Оңтүстік Қазақстанда жыл қорытындысы бойынша әр салада жемісті еңбек еткен, халыққа сапалы қызмет көрсетуде абырой биігінен көрінген азаматтарға «Жыл үздігі» номинациясы табысталды. Жиынға қатысқан аймақ басшысы Бейбіт Атамқұлов жыл бойы атқарған істі електен өткізіп, сол жолда жемісті еңбек еткен азаматтар мен еңбек ұжымдарын 39 аталым бойынша марапаттады. 12373225_163411490683293_6025393836693433274_n

Оңтүстік Қазақстан облысы республика бойынша барлық салада жоғарғы көрсеткіште танылып келеді. Ауыл шаруашылығы, спорт, мәдениет, білім мен денсаулық сақтау салалары да өңірлер арасында топ жарып жүр. Инвестицияны икемдеп, кәсіпкерлерді бірге жұмыс жасауға шақырып, өңір экономикасын арттыруда да жұмыстар жүйелі. Бүгінде халықтың тұрмыс-тіршілігі де түзелген. Өңірдің дамуы жолында атқарылған бұл жұмыстар әрине ел азаматтарының еселі еңбегі. Яғни маңдай термен еткен еңбектің жемісі. Тек еңбек етіп қана қоймай шаруаны еселендіріп, қайта жігерлену үшін марапаттау игі іс. 10687966_1519621161698825_5725622347835329641_oОңтүстіктің  сан саласында еңбек еткен 39 номинацияның арасында «Жылдың үздік журналисі» әріптесіміз, «Оңтүстік Қазақстан» облыстық қоғамдық-саяси газетінің бөлім меңгерушісі Серікқали Жексенбай мен «Үздік жазушы» аталмыш басылымның бөлім меңгерушісі Жеңіс Бахадүрге бұйырды.  Бұқара мен билік арасында алтын көпірге айналып, халық мұңы мен мұқтажын жеткізуші, билік тарапынан атқарылған әр игі істің жалғаушысы  болып жүрген бұл азаматтардың еңбегі марапатқа лайық-ақ.Sequence 01.Still009

Ал, «Жылдың үздік медицина мекемесі» номинациясы облыстық клиникалық ауруханасына табысталды. 140 жылдан аса тарихы бар медициналық  мекеме аймақтың  барлық тынысының куәсі. Бүгінде замануы техникамен білікті дәрігерлермен толыққан. 12376798_163411847349924_8814655396811010984_n

Мұнан бөлек, бұл күні «Жылдың үздік суретшісі» Баймен Батухан атанса, ғылым саласында үздіксіз еңбек еткен Қ.Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ — Түрік университетінің экология ғылыми зерттеу институтының директоры  Аманкүл Ақбасова «Үздік ғалым» атағын иеленді. Ал шәкірт тәрбиелеу жолында бар ғұмырын арнап, оларды үлкен өмірге қанаттандырып жүрген Бәйдібек аудандық Бөген жалпы орта мектебінің ұстазы Жанар Бастарова «Жылдың үздік ұстазы» болды. Ауыр атлетикадан Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Жазира Жаппарқұлдың да еңбегі еленді. Яғни Қазақстан абыройын  байрақты бәсекелерде асқақтатып жүрген  қазақ қызы «Жылдың үздік спортшысы». Құрылыс саласында оқ бойы озық шығып, Оңтүстіктегі зәулім ғимараттардың бой көтеріп, шаһардың сәулеті мен дәулетінің артуында жұмыс жасап жүрген «Отау строй» ЖШС — «Үздік құрылыс мекемесі» атанса, «Үздік құрылысшы» номинациясы «Тур ахмет және К» ЖШС-нің учаске бастығы Ерғали Құлажановқа бұйырды. Ал «Жылдың үздік ауылын»  Түлкібас ауданының Керейіт ауылы иемденді. 1077597_1519621258365482_8957521867129838420_oТарихи терең, шежірелі де қазыналы аймақтың барлық игі жақсылары  мен жайсаңдары қатысқан жыл үздіктерін марапаттау кешінің соңы концерттік бағдарламаға ұласты. Оңтүстіктің өнерпаздары көрерменге әсем ән мен жырдан шашу шашты. Ал  табысы мен жақсылығы мол, қуанышы мен жетістігі зор болған 2015 жылдың үздіктерін марапаттау кеші осылайша өз мәресіне жетті.

Еңлік Заманхан

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ӘСЕМДІК ПЕН ШЕБЕРЛІК САЙЫСЫ

ҰЛТТЫҚ ӨНЕР МЕН ЗАМАНАУИ СӘН ТОҒЫСТЫ

Айғақ медиа
17.10.2026
0

Шымкентте сән, ұлттық нақыш пен кәсіпкерлікті бір арнаға тоғыстырған TERRA көрмесі басталды. Үш күнге жалғасатын ауқымды  шара отандық брендтер мен...

ӘСЕМДІК ПЕН ШЕБЕРЛІК САЙЫСЫ

ӘСЕМДІК ПЕН ШЕБЕРЛІК САЙЫСЫ

Айғақ медиа
17.10.2026
0

Шымкентте көркем гимнастикадан қала әкімінің кубогы басталды. Байрақты бәсекеге Қазақстанның бірнеше қаласы мен Қырғыз Республикасынан да қатысушылар келген. Жалпы 400-ден...

ЖОЛАЙРЫҚ: КӨЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫНА ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙ

ОТАНҒА АДАЛДЫҚ – ҰРПАҚҚА АМАНАТ: ӘСКЕРИ ТӘРБИЕНІҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ

Айғақ медиа
16.10.2026
0

Сабыр Рахымов атындағы әскери колледжде алғаш рет 105 кадет Әскери ант қабылдап, ел алдындағы жауапкершілігін сезінудің маңызды қадамын жасады Шымкент...

ЖОЛАЙРЫҚ: КӨЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫНА ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙ

 «ТАРТЫЛ FEST»: ШЫМКЕНТТЕ БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТҚА ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ АРТЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
16.10.2026
0

Шымкенттегі «Арбат» аллеясы спортсүйер қауымның басын қосқан алаңға айналды. Мұнда жастар арасында воркаутты дәріптеп, бұқаралық спортты дамытуға бағытталған «Тартыл FEST»...

ЖОЛАЙРЫҚ: КӨЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫНА ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙ

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ӘРІПТЕСТІККЕ ЖАҢА МҮМКІНДІК

Айғақ медиа
16.10.2026
0

Қазақстан-Венгрия бизнес-форумында өнеркәсіптік кооперацияны дамыту, технология тарту және бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды. Экономиканы әртараптандыру, шетелдік инвестиция тарту және...

ЖОЛАЙРЫҚ: КӨЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫНА ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙ

ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУДЫҢ ЖАҢА БЕЛЕСІ

Айғақ медиа
16.10.2026
0

Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында бой көтерген кешен мүгедектігі бар азаматтардың денсаулығын қалпына келтіруге және қоғам өміріне белсенді араласуына мүмкіндік береді....

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.