Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»«Мейірімді жүрек» бүлдіршіндерге қуаныш сыйлады
    Жаңалықтар

    «Мейірімді жүрек» бүлдіршіндерге қуаныш сыйлады

    Айғақ медиаАйғақ медиа21.12.2015353 Views

    Қала басшысы Ғабидолла Əбдірахымовтың ұсынысымен мұнан бұрын Жаңа жылдық безендіруге бөлінген «80 миллион теңгенің» жұмсалу мақсаты мәслихатта қайта қаралып, аталған қаржы 5918 жетім жəне əлеуметтік аз қамтылған отбасының балаларына бір реттік көмек көрсетуге бағытталатын болатын. Аталған қайырымдылық шарасы аясында 20 желтоқсан күні «Көрме» орталығында «Мейірімді жүрек» қамқорлық жәрмеңкесі өтті.
    Жартылай жетім, тұл жетім балалар мен көп балалы және аз қамтылған отбасының балаларына көмектесуді мақсат еткен іс-шара барасында жалпы 5918 аз қамтылған, жартылай және тұл жетім балаларға қаржылай көмек көрсетілді. Бұл реткі қайрымдылық жәрмеңкесіне өңіріміздің отандық киім тігу өндірісімен айналысатын кәсіпорындары қатысып, өз өнімдерін барынша жеңілдікпен сатты. Бұл, біріншіден, Елбасының өз Жолдауында айтылған тапсырмаларға сәйкес Отандық өнімдерді қолдау болса, екіншіден, кәсіпкерлердің жергілікті жердегі тұрғындарға деген көмегі деуге болады.
    Жалпы саны 5144 балаға 10000 теңге көлемінде ал, тұл жетім 774 бүлдіршінге- 39640 теңге қаржы бөлініп, оларға да бір реттік көмек көрсетілді. Тұрмысы төмен отбасының 1850 жасөскіні (Абай ауданы бойынша – 439 бала, Әл Фараби ауданы бойынша – 356 бала, Еңбекші ауданы бойынша – 509 бала, Қаратау ауданы бойынша – 546 бала) бүгінгі қамқорлық жәрмеңкесіне өз ата-аналарымен қатасып, қажетті киім-кешек сатып алды.
    Яғни, қалалық білім бөліміне қарасты барлық білім ұяларында тіркеуде тұрған әлеуметтік аз қамтылатын отбасылардан шыққан оқушылардың тізімі жасақталды. Айта кету керек, жас бүлдіршіндерге жылулық сыйлауға бөлінген қаржы балалардың ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің жеке есеп шоттарына аударылып, өз игіліктеріне жаратылады. Ал, оның орындалуы әкімдік тарапынан қатаң қадағаланады.
    Осылайша, қала әкімдігі жаңа жыл қарсаңында «Мейірімді жүрек» қайырымдылық жәрмеңкесі арқылы әлеуметтік аз қамтылатын балаларды қысқы киім-кешектермен қамтамасыз етіп, жасөскіндерді Жаңа жылдық мереке шаттығына бөледі.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.