Оңтүстік Қазақстан облысының оқушылары Дүниежүзілік «USMAS» бағдарламасының ұйымдастыруымен ХХ ментальді арифметикадан өткізілген жарыстан жүлделі болып оралды. Үндістан мемлекетінің астанасы Делиде өткен халықаралық жарысқа 60 мемлекеттен 10 000 бала қатысты. Елімізден барған оқушыларды малайзиялық бағдарлама бойынша «Аллиар» оқу орталығы дайындаған. Шетелде топ жарған жас өрендер қаламыздағы №65 мектеп-гимназиясының оқушылары.
ТҰРҒЫН АЛАПТАҒЫ АЛҒАШҚЫ МАРАФОН
Шымкентте «Бір қадам – бір мақсат» атты марафон өтті. Спорттық шараға 500-ге жуық адам қатысып, салауатты өмір салтын қолдауға бір...










