Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Шымкентте «Оңтүстік» Футбол Академиясы ашылды
    Жаңалықтар

    Шымкентте «Оңтүстік» Футбол Академиясы ашылды

    Айғақ медиаАйғақ медиа01.12.20152 165 Views

    Өңірімізде алғаш рет «Оңтүстік» Футбол Академиясы ашылды. Яғни еліміздің негізгі құрамасына болашақ ізбасарлар тәрбиеленетін бұл орын Қазақстанда өз жұмысын бастаған бірінші футбол академиясы атанып отыр. Еліміздегі футбол федерациясының бастамасы негізінде облыс әкімдігі тарапынан қолдау тапқан оқу жаттығу орталығының Тұңғыш Президент күні мерекесінде салтанатты түрде лентасы қиылды. Осы орайда айтулы шараға Қазақстан Футбол федерациясының Президенті Ерлан Қожағапанов, облыс әкімінің бірінші орынбасары Дархан Сатыбалды және де белгілі спорт қайраткерлері арнайы қатысты. Еліміздің негізгі құрамасында өнер көрсетіп жүрген футболшылардың ізін басатын жас аяқдопшыларды тәрбиелеу мақсатындағы тұңғыш футбол Академиясы Шымкент қаласында ашылып отыр. Қазақстан футбол федерациясының бастамасы негізінде Облыс әкімдігі тарапынан қолдау тапқан бұл жоба мемлекеттік және жекеменшік әріптестікті дамыту шараларына сәйкес жүзеге асырылған. Яғни Шымкент қаласының Тассай мөлтек ауданында орналасқан «Биік» спорт кешені ішінде ендігі жерде еліміздегі алғашқы футбол академиясы жұмыс жасайтын болады. Осы ретте Тұңғыш Президент күніне орай салтанатты түрде ашылған кешенге арнайы келген Қазақстан Футбол федерациясының Президенті Ерлан Қожағапанов, облыс әкімінің бірінші орынбасары Дархан Сатыбалды және де белгілі спорт майталмандары салтанатты түрде футбол академиясының лентасын қиды.2«Оңтүстік» Футбол академиясында 10 мен 14 жас аралығындағы жас аяқдопшылар тәрбиеленеді. Бүгінгі күні мұнда Қазақстан футбол федерациясымен келісім бойынша Испанияның «Барселона» футбол мектебінің бес жатықтырушысы жұмыс жасауда. Олар мұнда келгелі Оңтүстік аймақтарын аралап 600-ден астам баланы іріктеуден өткізіп үлгерген. Нәтижесінде үздік деп танылған 65 бала жас ерекшеліктеріне қарай үш топқа бөлініп жаттығуларын бастап кеткен. Ол үшін футбол академиясында барлық жағдайлар қарастырылған. Яғни футбол алаңдарынан бастап жас спортшылар қажетті спорттық киім кешектермен қамтамасыз етіледі.

    3Сондай-ақ, олар мұнда тегін тамақтанып ыңғайлы жатын орындарына жайғастырылған. Ал бұл шығындардың барлығын қаржыландырып отыруды Қазақстан Футбол федерациясы мен облыс әкімдігі бірлескен түрде жүзеге асырып отырмақ. Аталмыш заманауи үлгідегі футбол академиясына қаңтар айынан бастап 2004 жылы туылған 22 бала қатарға қосылмақ.5Ал 2017 жылдан бастап мұнда жыл сайын бір топтан қосып отыру жоспарланған. Олар мұнда білікті жаттықтырушылардан мол тәжірибие жинақтап, жиі жиі футбол додаларына қатыстырылып отырады екен. Осы ретте «Оңтүстік» Футбол академиясының ашылу салтананатында сөз алған спорт қайраткерлері жас аяқдопшылардың алдағы қадамдарына сәттілік тіледі. Айта кету керек, бүгінде футбол академиясына іріктеуден өтіп қабылданған жас футболшылар болашақта Қазақстанның Ұлттық құрамасында өнер көрсетуге мүмкіндік алмақ.

    Абай ОМАР

     

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.