Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Әскери мектеп оқушылары жаппай төбелесті
    Жаңалықтар

    Әскери мектеп оқушылары жаппай төбелесті

    Айғақ медиаАйғақ медиа25.11.2015627 Views

    Өңіріміздегі бірегей әскери оқу орны, Кеңес Одағының батыры С. Рақымов атындағы республикалық әскери мектеп-интернатында, 24-қараша күні түнде оқыс оқиға орын алды. Аталмыш білім ұясында оқитын бір топ оқушылардың арасында жаппай төбелес ұйымдастырылған. Бейресми деректерге сүйенсек, жанжал 2 құрылымның курсанттары арасында туындапты. Ішкі ережесі қатаң тәртіптен тұратын оқу орнында бұзақылық, денеге жарақат салу деген құқықбұзушылықтар болған. Бұл – әскери мектептің тәртібі босаңдағынын және оқушылардың күн тәртібіне бағынбағанын аңғартады.

    Sequence 01.Still005

    Тәртіп сақшыларының араша болуымен ғана тиылған төбелестің салдарынан бірнеше бала жарақат алған. Жас ерекшелігіне қарай, 15 жастан асқан 6 жасөспірім Шымкент қалалық №2 жедел жәрдем ауруханасына әкетілсе, 14 жастағы 4 баланы алған жедел жәрдем көлігі Облыстық балалар клиникалық ауруханасына жол тартты.

    Sequence 01.Still002

     

    С. Рақымов атындағы республикалық әскери мектеп-интернаты облыс қана емес, ел көлеміне танымал оқу орны десек те болар. Яғни, білім ошағы мемлекетіміздің қуатты әскерін қалыптастыратын сарбаздарды, әскери ЖОО-на түсу үшін шыныққан, сауатты жігіттерді дайындауды мақсат етеді. Өкінішке орай, елдің қамын жейтін Едіге болар деген ұландарымыз әзірге тек ұсақ бұзақылықпен ғана шектелгені өзекті өртейді. Мұндағы басты ұстаным — тәртіп болуы тиіс. Тәулік бойы тәрбиелеушілер мен оқытушылардың бақылауында  болатын оқушылардың жаппай төбелесуі тәрбие жұмысының терең жүргізілмейтінін айқындайды. Ата-ана балаларын сеніп тапсырған оқу орны мына оқиғадан соң өз міндетін лайықты деңгейде атқарып жатыр дей алмаспыз.Sequence 01.Still003

    Sequence 01.Still004

     

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.