Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Облыс әкімі кәсіпкерлермен кездесті
    Жаңалықтар

    Облыс әкімі кәсіпкерлермен кездесті

    Айғақ медиаАйғақ медиа24.11.2015222 Views

    Отандық өнімді қолдайтын, өңірдің туризмі мен экономикасын дамытуды көздейтін, халықтың әлеуметтік жағдайын көтеруді де назардан тыс қалдырмайтын Облыс әкімі Бейбіт Атамқұлов өңір  кәсіпкерлермен өткен форумда тың идеяларымен бөлісті. Жиын барысында кәсіпкерлерліктің дамуына кедергі жасап отырған негізгі проблемалар, бизнес саласының түйінді мәселелері де талқыға түсті. Форумның жұмысына «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының бірінші орынбасары Нұржан Әлтаев, ОҚО-ның әкімі Бейбіт Атамқұлов, өңір кәсіпкерлері мен аудан, қала әкімдері қатысты. Алғаш болып сөз алған аймақ басшысы кәсіпкерлік барлық саламен  тығыз келетінін ескеріп, азаматтарға  заңды түрде бизнес істеу керек екенін қадап айтты. Яғни өңірде қызып тұрған мәселе  қызыл сызық пен жер қойнауын, табиғат байлығын заңсыз пайдалатындарға шектеу қойылуы тиіс.

    1

    Индустриалды аймақ өңір кәсіпкерлері үшін тиімді орталық. Мұнда инфрақұрылым жүйелері толығымен қамтамасыз етілген. Кезінде Асқар Исабекұлы бастаған игі бастаманың пайдалы тұстары жетерлік. Қазірдің өзінде мұнда түрлі өндіріс орындары өз өнімін жергілікті сауда нүктелері мен экспортқа шығаруда. Өңір басшысы Бейбіт Атамқұлов өзгеде кәсіп иелерін осы орталықтарға шоғырланып, жұмысын өрге домалатуға шақырды. Кәсіпкерлер өнімді өндіре отырып, оның нарықтағы жағдайына да көңіл бөлгені абзал. Бұл тұрғыда әрбір азамат отандық өнімге қолдау таныту керек. Мұнан өзге, өңірде негізгі үш қала Түркістан, Шардара, Сарыағаш қонақтардың көп келетін аймағы саналады. Сондықтан мұндағы мүмкіндіктің ұтымды тұстарын тиімді пайдалана білу керек деп мәлімдеді өңір басшысы. Өңірдің кәсіпкерлер палатасы өзінің қызметінде негізгі 5-бағытқа сүйенеді. Олар кәсіпкерлердің құқығын қорғау, әкімшілік кедергілерді азайту, адами капиталды дамыту  сынды шаралар. Палата екі жылдың көлемінде тұтынушыларға қызмет көрсетудің салалық және сапалық стандарттарын енгізді.020202

    Ашық алаңда кәсіпкерлік саласындағы түрлі проблемалар талқыға салынды. Әйелдер қауымының бизнестегі бағыттары мен оларға көңіл бөлу мәселесі де сөз болды. Ең бастысы мемлекеттік сатып алудың әділдігі орнатылады. Бұл  мәселені өңір басшысының өзі басты назарға алмақ. Ал қызметін пайдалана отырып, жеке бизнесін дамытатындар үшін енді жол жабылды. Өңір басшысы жаңа кадрларды тағайындау жөнінде де тілге тиек етті. Болашақта «Болашақ» бағдарламасын бітіргендер мемлекеттік қызметке келмек.

    Жомарт БЕГІМБЕТОВ

     

     

     

     

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.