Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Той шеруіндегі мақтангершілік заңбұзушылыққа ұласты
    Жаңалықтар

    Той шеруіндегі мақтангершілік заңбұзушылыққа ұласты

    Айғақ медиаАйғақ медиа08.09.2015417 Views

    Жас жұбайлар отау құрған сәттегі қуанышты кезде орын алатын бассыздықтар уақыт өткен сайын белең алуда. Шаңырақ көтерген мерейлі күнде тойлаудың жөні осы екен деп шектен шыққан азаматтардың бұзақы әрекеті, қайғылы жағдайға да апарып соқтырып жатыр. Күздің алғашқы аптасында – ақ, той күнінде Сайрам ауданында қос бірдей жас келіншек атылған қарудың салдарынан қаза тапса, келесі күні Шымкент қаласында жүргізілген тексеру барысында той шеруіндегі көліктен тағы бір қару табылды.

    Қыркүйек айының 5-күні Әл-Фараби аудандық ПБ қызметкерлері мен прокуратура органдары Шымкент қаласында «Қауіпсіз қала» атты рейдтік іс-шара жүргізеді. Сағат 17:30 шамасында Дендросаябақ маңында той шеруіндегі көліктер тоқтатылған. Тексеру барысында шеруде жүрген Лексус 570 маркалы автокөлігінен қару табылады. Әзірге мұндай құқықбұзушылық Әл-Фараби ауданы бойынша биылғы жылы алғаш рет тіркеліп отыр. Дегенмен де кейінгі кездері жастардың мақтангершілік үшін қару алып жүруі немесе оны аспанға ату секілді бассыздықтары кездесіп жататыны жасырын емес.

    Бүгінде қарудың иесі уақытша қамауға алынған. Ал осы оқиғадан бір тәулік бұрын ғана Сайрам ауданында той шеруінде қайғылы жағдай орын алған болатын. Қызық үшін күйеу жігіттің досы аспанға оқ атпақ болады. Алайда көлік ішінде абайсызда шүріппе басылып кетіп, салдарынан 5 адам жарақат алады. Оның ішінде 23 және 26 жастағы 2 әйел ауруханада есін жимай қайтыс болған. Осы тұста құзырлы орган қызметкерлері қару алып жүру немесе оны ретсіз жерде қолдану заңды белден басумен қатар, қоғамға қауіп тудыратынын ескертеді.

    Әбдімүтәлі ЖҰМАШ

    http://aigak.kz/wp-content/uploads/2015/09/али-сюж.mp4

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.