Облыстық Кәсіпкерлер Палатасын енді Асқар Абубакиров басқарады. Оңтүстік Қазақстан облысының тумасы, М.Әуезов атындағы ОҚМУ «Халықаралық экономикалық қатынастар» мамандығы бойынша тәмамдаған ол осыдан екі жыл бұрын Өңірлік Кәсіпкерлер Палатасында директор орынбасары болып жұмыс жасаған. Бұған дейін Астанада Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасының орталық аппаратында сервистік қызмет көрсету департаментінің директоры қызметін атқарған. Аймақтық кәсіпкерлер кеңесі мүшелерінің қолдауымен ОҚО Кәсіпкерлер Палатасының тізгінін ұстаған Асқар Бегдәулетұлына артылып отырған сенім жоғары.
ТҰРҒЫН АЛАПТАҒЫ АЛҒАШҚЫ МАРАФОН
Шымкентте «Бір қадам – бір мақсат» атты марафон өтті. Спорттық шараға 500-ге жуық адам қатысып, салауатты өмір салтын қолдауға бір...










