Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын тұрақты бағада ұстап тұру керек деген Елбасының тапсырмасына сәйкес, атқарушы билік сауда орталықтарындағы ахуалды қадағалау үстінде. 22-тамыз күні Шымкенттегі ірі сауда орындарын аралаған қала әкімі Ғабидулла Әбдірахымов базарлардағы бүгінгі бағамен танысты. Халық күнделікті тұтынатын ең қажетті деген азық-түліктердің бағасына зер салған шаһар басшысы, сатушылардың да ой-пікірлерін тыңдады. Қазірде азық-түлік нарығына сәйкес бұқараның дүрлігуіне еш негіз жоқ. Яғни, сауда қатарларындағы ет, ұн және сүт өнімдері бірқалыпты бағада. Сондай-ақ, мектепалды дайындық маусымы қарсаңында киім-кешек бағасы да өзгермеген. Сапар соңында қала әкімі қадағалаушы органға нарық бағамына күнделікті мониторинг жүргізіп отыруды тапсырды.