Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласы арқылы әлемдік өркениетті құру мен дамытуға септік еткен ұлттық мұра топтарын ұсынуды негіздеген болатын.
Сондықтан да, ұлы даланың біртуар ойшылдары бейнелерінің галереясы және келбеті орын тебетін Отырардың қайта жаңғыруы – бұл біздің мемлекетіміздің дамуының заманауи кезеңіндегі абсолютті қажеттілік. Елбасы айтқан Қазақстан тарихын зерттеу мен елдің мәдени мұрасын паш етуге бағытталған жаңа, күрделі жобаларды сапалы етіп орындау, Ұлы дала елдерінің тарихи рөлін тануға және Қазақстанның рухани-идеологиялық дамуына септік етеді.
Өзбекстанның тарихи орындарымен танысып жүрген түркістандық және шымкенттік делегация бабалар рухына тағзым жасап, ұлылар есімін ұлықтауда. “Өлі разы болмай, тірі байымас” деген. Солардың бірі — Жалаңтөс Баһадүр болды. Ол Самарқанға жақын Дағбид қыстағына өзі пір тұтқан Мактым Ағзам әулие бейітінің жанына жерленген.
Түркістан облысының “Құрметті азаматы” Жарылқасын Әзіретбергенұлы киелі мекенге төртінші рет келген екен. “Билеуші тарихын айтудан еш жалыққан емеспін” — дейді.
Жалаңтөс — өзбек және қазақ батыры, әскербасы, Самарқанд әмірі. Ол XVII-XVIII ғасырларда өмір сүрген. Қызығы, батыр — Әйтеке бидің атасы болып келеді. Жалаңтөс баһадүр 12 жасынан Тамды және Қызылқұм қазақтарының ханы Дінмұхамедке қызмет еткен.