Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Әлеумет»Түркістан: 2020 жылы айтулы рухани шаралар өткізіледі
    Әлеумет

    Түркістан: 2020 жылы айтулы рухани шаралар өткізіледі

    Айғақ медиаАйғақ медиа14.02.2020751 Views

    2020 жылғы қазан айында Түркістан қаласында Түркі елдері Басшыларының жиыны өтеді. Бұл шара – күллі Түркі халықтарының рухани-мәдени орталығы – Түркістан қаласының туризмін жаңа бағытта дамытуға, туристердің көптеп келуіне ықпал етеді. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев  халыққа есеп беру кездесуінде атап өтті.

    Айтулы іс-шара өту үшін Кешенді жоспарға өзгерістер енгізіліп,  148 іс-шараны іске асырылады. Жалпы, кешенді жоспарға еніп отырған жобаларды іске асырудың Түркістан облысы үшін мультипликативтік әсері зор.

    «Елбасының тапсырмасына сәйкес, өткізілуі Халықаралық деңгейде жоспарланып отырған бұл іс-шараға «Бір жеңнен бас, бір жеңнен қол шығарып» облыстың әрбір тұрғыны өз үлесін қосып, атсалысуға шақырамын. Өздеріңізге белгілі, биыл Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдығы, Алтын Орданың 750 жылдығы, Абай Құнанбаевтың 175 жылдығы, Ұлы Жеңістің 75 жылдығы және композитор Шәмші Қалдаяқовтың 90 жылдығына арналған ауқымды іс-шаралар өткізу жоспарда бар. Бұл өз кезегінде облыстың рухани өміріне айтарлықтай үлес қосады деп сенемін», деген Өмірзақ Естайұлы өңір тұрғындарын жұмыла жұмыс істеуге шақырды.

     Есеп беру соңында жарыссөзге шыққан жазушы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Мархабат Байғұт «Түркістанға адалдық танытқанға бұл өлке бақ сыйлайды. Ал, Өмірзақ Естайұлы Түркістанды түлетуде адалдығы мен іскерлігін ұштастырып, ұтымды шешімдер қабылдап жатыр», — деп облыс басшысына зиялы қауымның алғысын жеткізді.

     Екінші болып мінбеге көтерілген Түркістан облыстық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Жарылқасын Әзіретбергенов «Түркістанға маңызды мәртебе беру – Елбасының ең ұтымды шешімі болды. Осы Ұлы бастама мен қарқынды құрылыстың басында Өмірзақ Естайұлының тұрғаны бізді қуантады» ,- деп халықтың атынан шынайы лебізін білдірді.

    Жарыссөзден соң, кездесуге арнайы келген және жиынды онлайн режимінде тамашалап отырған аудан, қала тұрғындары өңірдегі көкейтесті мәселелер жөнінде сауалдарын жолдап, тиісті жауаптарын алды.

    Маңызды шараға Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Қожаниязов Серік Салауатұлы арнайы қатысып, облыс әкімінің өткен жылғы атқарған жұмыстарының нәтижесіне оң бағасын берді.

    Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ШЫМКЕНТ МЕРГЕНДЕРІ ӘЛЕМДІК АРЕНАДАДА ТОП ЖАРДЫ

    16.11.2026

    ҚАЛАНЫҢ ЖАСЫЛ КЕЛБЕТІ: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҢҒЫРУ МЕН ТАЗА ОРТАҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖҰМЫСТАР

    16.11.2026

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.