Қоғамдық қабылдауға келген қария Өмірзақ Шөкеевке ақ батасын берді. 90-ды алқымдаған ақсақал аймақ басшысының облыста атқарып жатқан ерен еңбегін ел елейтінін жеткізді.
Ол үшін қала шетінде орналасқан аумаққа көгілдір отын жеткізу керек. Өмірзақ Естайұлы биыл шаһар толық газбен қамтылатынын, ал әр үйге қосылуды тұрғындар өздері қолға алу керектігін айтты.
Бәйдібек ауданынан келген бір топ азамат облыс басшысынан мал жайылымы үшін жер сұрап келді. Және шағын ауданға күндізгі стационар салуды өтінді. Тұрғындар көкейін кернеген сауалдарға нақты жауап алды. Жеке қабылдауға келген азаматтардың көкейін кернеген мәселелер оң шешімін тапты.
