Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Бас ақпарат»​​​​Таразда «Даңқты спортшылар алаңы» ашылды
    Бас ақпарат

    ​​​​Таразда «Даңқты спортшылар алаңы» ашылды

    Айғақ медиаАйғақ медиа25.12.20191 438 Views

    Жамбыл облысының 80 жылдық мерейтойы қарсаңында ашылған айтулы нысандардың бірі – Тараз қаласындағы «Тараз-Арена» спорт кешені аумағында «Даңқты спортшылар алаңы». «Көне Тараз» қоғамдық қоры қаржыландырған нысан құрылысын Еркін Құлманбетов жетекшілік ететін «Астана UP» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізген.

    Нысан әр жылдары спорт сайыстарында ел намысын абыройлы қорғаған Жамбыл жұртшылығының мерейін асырған спортшылардың құрметіне орнатылған. Аталған алаңның ортасында биіктігі 6,5 метрді құрайтын факел орналасқан. Оның екі шетінде травертин және гранит материалынан дайындалған, биіктігі 3 метр, ұзындығы 9 метр болатын 2 құрмет тақтасы қойылған. Құрмет тақтасында Жамбыл өңірінен шыққан даңқты 145 спортшының және 96 еңбегі сіңген жаттықтырушының есімі жазылған.

    Алаңның ашылу салтанатына арнайы қатысқан грек–рим күресінен Мәскеуде өткен Олимпиада ойындарының жеңімпазы, Әлем чемпионы, Қазақ КСР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Жақсылық Үшкемпіров, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Феликс Цойоблыс спортының жеткен жетістіктері мен мерейінің үстем екендігін айрықша айтып өтіп, аталған нысанның ашылуымен барша жиналғандарды құттықтады. Бұдан соң сөз алған ҚР мәдениет және спорт министрі А. Райымкұлова саланы дамытуда қолға алынып жатқан жемісті жұмыстарды тілге тиек етті. Сондай-ақ салтанатты жиында алаңға есімі жазылған бірқатар спортшыларға арнайы куәліктер табысталды.

    Айта кету керек, Жақсылық Үшкемпіров, Болат Жұмаділов, Ермахан Ыбраимов,  Бақтияр Артаев, Бейбіт Ыстыбаев, Ақжүрек Таңатаров,  Елдос Сметов сынды спорт саңлақтарының кіндік қаны тамған Жамбыл спортының шоқтығы биік.  Тек ағымдағы жылдың өзінде 40 спорт нысаны пайдалануға берілді. Келесі жылы тағы 92 нысан халық игілігіне берілетін болады. Сонымен қатар,өңірде қазына қаржысы есебінен 2 және демеушілер есебінен 1 спорт кешені салынуда. Жыл басынан бері халықаралық деңгейдегі байрақты бәсекелерде ел намысын қорғаған 14 спортшы жүлделі орынға ие болды.

    «Айғақ» ақпарат

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ҚАЛА ДАМУЫ — КЕҢЕС НАЗАРЫНДА

    06.11.2026

    БАСПАНАМЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

    06.11.2026

    ҚОШҚАР АТА ӨЗЕНІНІҢ БОЙЫ ТАЗАРТЫЛДЫ

    05.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.