Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Түлкібас ауданында атаулы әлеуметтік көмек алған отбасылар нәтиже көрсетті
    Айғақ MEDIA

    Түлкібас ауданында атаулы әлеуметтік көмек алған отбасылар нәтиже көрсетті

    Айғақ медиаАйғақ медиа09.12.2019696 Views

    Ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап еліміздің көпбалалы мұқтаж отбасылары мемлекет тарапынан атаулы әлеуметтік көмекке қол жеткізді, деп хабарлайды Түлкібас ауданы әкімінің баспасөз қызметі. Атаулы әлеуметтік көмекке көбінесе ауылда тұратын көп балалы аналар мұқтаж екені айтпасада белгілі.

    «Дүниеге бір перзент келсе, бір қозы артық туады; бір қозы туылса, бір уыс шөп артық шығады» дейді атам қазақ. Яғни әр баланың өз несібесі бар. Бүгінде көп балалы аналар атаулы әлеуметтік көмекті перзенттерінің несібесі деп санайды және әрбір теңгені еселей отырып, отбасы пайдасына жаратқысы келеді.

    Мемлекет тарапынан беріліп жатқан бұл көмекті түлкібастық көпбалалы аналар тиімді пайдаланып, кедейшілік шегінен шығу мақсатында өз тірліктерін дөңгелете бастады.
    Бүгінгі таңда аудан аумағында 3452 отбасыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалса, соның ішінде 2798 отбасы нәтиже көрсетті.

    Қарапайым халық үшін жасалған бұл көмек көпбалалы аналар үшін қолдауға ие дүние болды.
    Ауылды жерде тұратын көпбалалы аналардың дені үй іргелік қораларында төрт түлікті көбейтуге мүмкіндік алып, ал, біреулері құс шарушылығы мен бақша өнімдерін өндіруді және басқа да бағыттағы кәсіптерді жандандыра бастады.
    Осылайша атаулы әлеуметтік көмекті тиімді пайдаланудың жолын тауып, шағын кәсібін кеңейте түсуді көздеп отырған отбасылар ауданымызда көбейіп келеді.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.