Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Бас ақпарат»ҚАЛА БАСШЫСЫ УНИВЕРСИТЕТТЕ БОЛДЫ
    Бас ақпарат

    ҚАЛА БАСШЫСЫ УНИВЕРСИТЕТТЕ БОЛДЫ

    Айғақ медиаАйғақ медиа08.11.2019247 Views

    2019 жылдың 6 – қараша күні Шымкент қаласының әкімі Е.Айтаханов жақында ғана 20 жылдық мерейтойын тойлаған академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетіне арнайы ат басын бұрды. Әкім университеттің 20 жылда жеткен ғылыми жетістіктері қойылған арнайы көрмемен танысты. Мұнда, әр кафедра өз профессор-оқытушылары мен студенттерінің ғылыми еңбектерін, ғылыми жұмыстарының нәтижелерін,инновациялық жобаларын, макеттерін, оқу құралдары мен сайыс кезінде жеңіп алған кубоктары қойылған. Атап айтқанда, университеттің профессор-оқытушылар құрамы қала басшысына өздерінің ғылыми жұмыстары аясында орындалған инновациялық жобаларымен таныстырды, оларды жүзеге асыру Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуын жақсартуға мүмкіндік беретінін де тілге тиек етті. Кездесу барысында қала басшысы Е.Айтахановқа университет ректоры, м.ғ.д., профессор,Түркістан облысы мәслихатының депутаты Рабиға Әбдімұсақызы университеттің 20 жылдағы тарихи жетістіктері жайында баяндап берді. Қала басшысы мұнан соң жоғары оқу орнының ұжымымен тілдесіп, қаланың экономикалық-әлеуметтік жағдайының дамуы жолында ғылымды тәжірибемен ұштастыра отырып, бірігіп жұмыс атқаруды ұсынды. Әкім өз кезегінде ұжымға сәттілік тілеп, бүгінгі таңдағы білім беру жүйесін жақсарту, жетілдіру бағытындағы басты міндеттерге тоқталды. Сонымен бірге, жатақхана мәселесінің өзекті екенін айта келе,2020 жылғы оқу жылында пайдалануға берілетін,қазіргі таңда құрылысы қарқынды жүріп жатқан университеттің жаңа жатақханасының құрылысымен танысып, Асар ықшам ауданынан салынатын жаңа университеттің жатақханасы мен спорт кешенінің құрылысына, әкімдік тарапынан қолдау көрсететінін жеткізді.Жоғары оқу орны жайында толық ақпарат алған қала басшысы университеттің материалдық оқу базасымен танысты.Профессор – оқытушылармен кездесу кезінде әкімге ұнаған бірнеше ғылыми жобаларды алдағы уақытта қабылдауына шақырып, ресми кездесу барысында жүзеге асыруды ойластыратынын жеткізді.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ҚАЛА ДАМУЫ — КЕҢЕС НАЗАРЫНДА

    06.11.2026

    БАСПАНАМЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

    06.11.2026

    ҚОШҚАР АТА ӨЗЕНІНІҢ БОЙЫ ТАЗАРТЫЛДЫ

    05.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.