Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»ҰЛЫТАУҒА САПАР
    Айғақ MEDIA

    ҰЛЫТАУҒА САПАР

    Айғақ медиаАйғақ медиа01.10.20191 532 Views

    Ұлытау — ұлт ұясы. Қазақ тарихындағы алтын әріппен жазылатын елеулі оқиғалар мен жаңғырумен жалғасқан қасиетті мекендер туристерін сұранып-ақ тұр. Жасампаз мемлекетіміздің бабалар мұрасын ұлықтау — ұрпақ парызы десек, әлі де ескере алмай жатқан тұстарымыз көп-ақ. Жақында Ұлытаудағы жалпыжұрттық форумға қатысқан ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев — бұл мекеннің ішіне бүккен сырын жариялауды көө-өп айтты. Түсіне білген жан үшін қасиет қонып, бақ дарыған Арқа төсінің айтылмаған аңыз әңгімелері, жазылмаған шежірелері ауыз әдебиетімізді де, мәдениетімізді де жаңа сатыға көтермек. Тек әрекет керек.

    «Қасиетті Қазақстанның» жетегімен «Айғақ» телеарнасы бұл дүйсенбіде әйгілі Жошы ханның кесенесіне барды. Жошы ханның — Шыңғыс ханның ұрпағы екендігі білеміз-ау. Дегенмен, бұл өлкені хан ұрпағымен не байланыстырады? Неге Жошы бұл мекенде жерленген? Осы сұрақтардың негізінде Жезқазған қаласынан 50 шақырым қашықтықта, Қарасеңгір өзенінің жағалауында орналасқан кесене туралы айтатын боламыз. Шын мәнінде де, Алтын орданың негізін қалаған Жошының күмбезіне тоқтамау, бұл аймаққа келген әрбір азаматқа сын болары анық.

    Жошы ханның кесенесі XIV-XV ғасырларда салынған. 1 шақырым аумақты қамтитын кесене маңайында 24-ке жуық Алтын Орда дәуірінің бейіт қалдықтары бар. Сонымен қатар қорымға таяу жерлерден Жошы ордасының қираған үйінділерін көруге болады. Олар «Жошы Ордасы», «Орда базар» деп аталады.

    "Ұлытаудағы ұлылар мұрасы" кітапшасынан
    «Экспедиция Ұлытау мұрасы» кітапшасынан

    Киелі мекендегі Жошы ханның күмбезін көргенде, ғибратқа толы тарих сахнасы көз алдыңнан сырғып өткендей сезімде боласың. Себебі мұнда ел тағдырын, өз тағдырынан биік қойған ұлы тұлғалар жерленген. Ендігі біздің ұлағатты ұрпақ ретіндегі парызымыз — олардың ерлік істерін мадақтап, мәңгі есте қалдыру.

    Шыңғысханның үлкен ұлы, Батый ханның әкесі — Жошы ханның кесенесін көруге тек елімізден ғана емес, әлемнің түкпір-түкпірінен туристер келеді.

    Сондықтан да, бұл орынның қадір-қасиетін бағалап, отандық және шетелдік туристерге қолайлы орын қалыптастырып, Қазақстанның туристік әлеуетін көркейтуге атсалысуымыз қажет.

    «Айғақ-Ақпарат»

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ШЫМКЕНТ МЕРГЕНДЕРІ ӘЛЕМДІК АРЕНАДАДА ТОП ЖАРДЫ

    16.11.2026

    ҚАЛАНЫҢ ЖАСЫЛ КЕЛБЕТІ: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҢҒЫРУ МЕН ТАЗА ОРТАҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖҰМЫСТАР

    16.11.2026

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.