ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ ТИІМДІ ТАҢДАУ ҰСЫНЫЛДЫ
Болашаққа бастар маңызды қадам – бүгінгі таңдау. Шымкентте талапкерлерге арналған мамандықтар жәрмеңкесі өтті. Бір алаңға жиналған жоғары оқу орындары мен...
Түркістан қаласында биыл бірнеше жаңа саябақ пайдалануға беріледі. Олардың қатарында Б.Саттарханов даңғылындағы «Желілік саябақ» пен «Орталық саябақ» бар. Сонымен қатар қаладағы Яссауи көшесінің бойы да толық көгалдандырып, желілік саябаққа айналмақ. «Әзірет Сұлтан қорық мұражайының аумағын абаттандыру да аяқталуға жақын. Шаһардағы құрылыс алаңдарын аралаған облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев жауапты сала басшыларына бірқатар тапсырмалар берді. Құрылысты ширатуды тапсырды.
Түркістан қаласында 30-ға жуық нысанның аумағында абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, халық игілігіне берілген. Көпқабатты үйлер алдына балалар ойын алаңшалары салынып, абаттандырылуда. Аулалар мен гүлзарлар және ойын алаңдары салынып, 15 нысанға 300-ден астам адам жұмысқа тартылды. Бұған қоса, 26 көшеге көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп, 8 мыңға жуық түп ағаш отырғызылды. Сондай-ақ, ашық алаңдарды көгалдандыру бойынша 100 гектарға жуық «Жасыл белдеу» көгалдандыру аймағына 40 мың көшет егілді. «Халықтық жоба» негізінде белгіленген нысандар және қоғамдық орындар көгалдандырылып, порт алаңдары, субұрқақтар, шатырлар, орындықтар, жарықшам мен қоқыс жәшіктері орнатылуда. Аталмыш жұмыстарға тек жергілікті тұрғындар жұмыспен қамтылды.
Шығыс үлгісінде салынып жатқан «Keruen Sarai» тұрғын үй кешенінде болған облыс әкімі құрылыс барысымен танысты. Ясауи кесенесінің жанынан бой көтерген кешен тоғыз екі және үш қабатты блоктардан тұрады. Рухани-мәдени орталықта орналасқан «Keruen Sarai» тұрғын үй кешенінде жалпы аумағы 8 мың шаршы метрден асатын 125 баспана бой көтереді. Оның ішінде екі қабатты таунхаустар, 1, 2 және 3 бөлмелі пәтерлер бар. Бүгіннен бастап мұнда баспана сатып алушылар үшін ашылған кеңсе өз жұмысын бастады.
Өмірзақ Естайұлы жалпы аумағы 38 гектарды құрайтын «Тұңғыш Президент саябағы» демалыс аймағында атқарылып жатқан жұмыстарды бақылап көрді. Түркістан қалалық сазды-драма театры және көмекші мектеп-интернаты жатақханасында жүріп жатқан жұмыстармен танысты. Облыстық ғылыми — әмбебап кітапхананың құрылыс алаңында болған өңір басшысы ғимараттың ішкі құрылысына бірқатар өзгерістер енгізіп, кей бөлмелерін кеңейтіп, қабырғаларын әйнектен орнатуды тапсырды.Болашаққа бастар маңызды қадам – бүгінгі таңдау. Шымкентте талапкерлерге арналған мамандықтар жәрмеңкесі өтті. Бір алаңға жиналған жоғары оқу орындары мен...
Балалар кардиохирургиясын дамыту бағытында маңызды жоба қолға алынды. Жыл соңына дейін Шымкентте республикалық деңгейдегі аймақтық кардиохирургиялық орталық ашу жоспарланып отыр....
Шымкентте халықты тұрғын үймен қамту бағытындағы жобалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді. Осыған орай қалада тағы 30 отбасы көптен күткен баспаналарына...
Шымкенттің халқы бүгінде 1 миллион 300 мыңға жуықтады. Халық көбейген сайын сапалы медицинаға деген сұраныс та артып келеді. Ал осы...
Қазір жасанды интеллект тек бір саламен шектелмейді. Ол медицинада диагноз қою мен қызмет көрсету сапасын арттыруға, білім беру жүйесінде оқыту...
Бір ғана ұшқын… Бір сәттік салғырттық… Диқан үшін ең үлкен қауіп – қуаңшылық қана емес. Көзді ашып-жұмғанша тұтас алқапты жалмауы...
Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...
Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...
Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...
Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...
Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.
Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"
Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25
Email: aigak@mail.ru
© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.