Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Премьер-Министрдің кандидатурасы туралы айтты, деп хабарлайды aigak.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
«Менің пікірім — сабақтастықты сақтау керек. Барлық қиындықтарға қарамастан, Үкімет өз жұмысын орындады. Барлық басқа елдердің аясында біз жақсы нәтижелер көрсеттік. Егер Президент Мамин Асқар Ұзақбайұлын ұсынса, онда фракциядан оның кандидатурасын қолдауды сұраймын», — деді Нұрсұлтан Назарбаев.