Төлеби ауданында 67 сайлау учаскесі бар. 18 жасқа толған, еңбекке қабілетті, республиканың белсенді сайлау құқығы бар сайлаушылардың тұрғылықты жері бойынша тізімін тиісті жергілікті атқарушы орган жасақтаған.
Жалпы аудан бойынша 67 923 сайлаушы тіркелген. Сонымен бірге, сайлаушылардың өз таңдауын жасайтын жері оңашаланып, бюллетеньдер салынатын жәшіктер ашық, ыңғайлы жерге қойылды.
Осы уақытқа тұрғындар лег-легімен өз таңдауларын жасауда. Ал, сайлаудың демократиялық талаптарға сай өтуін қадағалау үшін сайлау учаскесінде бақылаушылар Қазақстан Республикасының «Сайлау туралы» Конституциялық заңы аясында қызмет көрсетуде. Байқаушылардың барлық дауыс беру барысын толық қадағалауға алуына жағдай жасалды. Осылайша, сайлау үдерісі ашық және барлық демократиялық талаптарға сай өтуде. Саяси науқанда еліміздің әрбір азаматын белсенді болуға шақырамыз.
aigak.kz