Шымкент қаласының сайлау комиссиясына 5 саяси партиядан Шымкент қаласы мәслихатына 83 кандидаттың тізімі ұсынылды
Оның ішінде:
«Нұр Отан» партиясынан — 60 үміткер;
«Ауыл» ХДПП-нан — 8 үміткер;
«Ақ жол » ҚДП-нан — 8 үміткер;
«Адал» саяси партиясынан — 4 үміткер
«Қазақстан халық» партиясынан — 3 үміткер ұсынылған.
Оның ішінде 10 үміткер — Шымкент қаласы мәслихатының VI шақырылымының депутаты
Сонымен бірге жоғарыда аталған партиялардан 1629 сенімді өкіл тіркеліп отыр. Оның 939-ы «Nur Otan» партиясы, 456-сы « Ауыл» ХДПП, 148-і «Ақ жол» партиясынан, «Қазақстан Халық партиясынан» — 148 сенімді өкіл болса, «Адал» саяси партиясынан -13 сенімді өкіл тіркелген. Бұл туралы Шымкент қаласының сайлау комиссиясының төрағасы Қайырбек Құнанбаев aigak.kz тілшісіне мәлімдеді.