• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жұма, Маусым 19, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматыда ОҚО-мен бірлескен бизнес форум өтуде

11.09.2015
0

Бүгін, 11 қыркүйек, өңіраралық ынтымақтастықты дамыту мақсатында Алматы қаласында бизнес форум өтіп жатыр. Аталған ынтымақтастық форумына Алматы қаласы әкімінің орынбасары Е.Әукенов пен Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары С.Тұяқбаев қатысуда. Қос облыстың кәсіпкерлік саласын нығайтуға бағытталған жиында екі облыстың кәсіпкерлер Палатасының өкілдері мен «Шымкент» ӘКК» ҰК» АҚ, ОҚО-ның қаржы институттары және ОҚО мен Алматы қаласының кәсіпкерлері де бар.

Оңтүстік Қазақстан облысының Индустриалды аймағы мен Агро-индустриалды аймағы, еркін экономикалық аймақ пен көліктік-логистикалық орталығы, сондай-ақ, өңірдегі туристік нысандар мен өзге де өндіруші кәсіпорындар сынды инвестициялық жобаларының таныстырылымы осы форумда өтеді. Жиында қос облыстың экономикалық және сауда-саттық қатынастарындағы жетістіктері талқыланып, олардың жүзеге асыру механизмдері қаралада.

Форум барысында Алматы қаласынан көліктік-логистикалық орталық салу үшін ОҚО инвесторларына жер телімін бөлу мәселесі де талқыланады. Бизнес форумға қатысушылар арасында В2В және В2G форматында кездесу өтіп, Алматыда көліктік-логистикалық орталық салу үшін жер телімін бөлу бойынша, «Шымкент» ӘКК» ҰҚ» АҚ мен «Жетысу Семиречье» сауда-логистикалық кешені арасында және ОҚО аймағында бірлескен жаңа жобаларды жүзеге асыру бойынша меморандумға қол қойылу жоспарлануда.

Іс-шарада «Жетісу-Семиречье» сауда-логистикалық кешенінің аймағында Оңтүстік Қазақстан облысының тауарөндірушілерінің көрмесі де өтуде. Онда біздің өңірдің тоқыма, азық-түлік, құрылыс, ауыл шаруашылығы мен өзге де салаларында жұмыс істейтін 60-тан аса компанияның өнімдері қойылған.

Екі облыстың кәсіпкерлері бас қосқан жиын нәтижелі болады деп күтілуде. Осы кездесу кезінде «Жетісу-Семиречье» сауда-логистикалық кешенінің аймағында ОҚО өнімдерін сақтайтын қойма алаңдары үшін павильон кешенін салу келіссөздері жасалмақ. Ұсынылған кешен жобасы Оңтүстік астанада салынатын болса, Күнгейден жіберілген өнімдер ешқандай делдалсыз, тікелей қоймаға жетіп, сақталып, қала тұрғындарына қолжетімді бағада сатылатын болады.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

«AMANAT» ПЕН «ӘДІЛЕТ» БІРІКТІ

«AMANAT» ПЕН «ӘДІЛЕТ» БІРІКТІ

Айғақ медиа
15.06.2026
0

«AMANAT» партиясы мен «Әділет» партиясы бірікті. Тарихи шешім Астанада өткен «AMANAT» партиясының XXVI съезінде қабылданды. Делегаттар бұл бастаманы бірауыздан қолдап,...

ӘЛЕУМЕТТІК БЕЙІМДЕУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ЖӘРМЕҢКЕ

ӘЛЕУМЕТТІК БЕЙІМДЕУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ЖӘРМЕҢКЕ

Айғақ медиа
15.06.2026
0

Шымкентте ішкі істер органдарының есебінде тұрған азаматтарды жұмыспен қамту мақсатында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Полиция департаменті мен Мансап орталығы...

ҚАУІПТІ ДРИФТ ҚАМАУМЕН АЯҚТАЛДЫ

ҚАУІПТІ ДРИФТ ҚАМАУМЕН АЯҚТАЛДЫ

Айғақ медиа
15.06.2026
0

Шымкентте жол қозғалысына қауіп төндірген екі жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында қос темір тұлпардың жүргізушілері қалың...

РӘМІЗДЕРГЕ ҚҰРМЕТ — БАЛАБАҚШАДАН БАСТАЛАДЫ

РӘМІЗДЕРГЕ ҚҰРМЕТ — БАЛАБАҚШАДАН БАСТАЛАДЫ

Айғақ медиа
12.06.2026
0

Мемлекеттік Рәміздерді дәріптейтін маңызды күнді №73 «Айжан» бөбекжай бақшасы сүйіспеншілікпен атап өтті. Отанға деген махаббат балабақшадан басталады. 350 бала тәрбиеленіп...

АҚЖАЙЫҚТА ЖАҢА ҮЙЛЕР ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ

БАЛАЛАР МҰНАЙ ЗАУЫТЫМЕН ТАНЫСТЫ

Айғақ медиа
10.06.2026
0

«Петро Қазақстан Ойл Продактс» зауытында Балаларды қорғау күніне орай ашық есік күні өтті. Іс-шараға кәсіпорында еңбек ететін қызметкерлердің балалары қатысып,...

АҚЖАЙЫҚТА ЖАҢА ҮЙЛЕР ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ

ХАЛЫҚҚА ТЕГІН ЗАҢ КӨМЕГІ ҰСЫНЫЛДЫ

Айғақ медиа
10.06.2026
0

Шымкентте «Халық заңгері» акциясы өтті. Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес ұйымдастырылған шарада 42 азаматқа тегін құқықтық кеңес пен заңгерлік көмек көрсетілді....

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.