Қала аумағындағы жол мәселесі алдағы бірнеше жылда кезең-кезеңімен шешімін табады.
Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, жолдардың құрылысымен қатар жол сапасы да үнемі бақылауда.
2019 жылдан бастап жолдардағы құрылыс-жөндеу жұмыстары барысында жұмыстар мен материалдардың сапасын бақылау 5 кезеңде жүргізілуде, — деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мамандарының мәліметінше, биыл 406 сараптама жүргізіліп, оның 22 сараптамасы «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесімен бірлесіп атқарылған.
Тексеру барысында 984 кемшілік анықталып, оның 930-ы жойылды. Қалған 54 кемшілік бойынша жұмыстар атқарылуда.
Қосымша сұрақтар бойынша тегін 109 бірыңғай байланыс нөміріне хабарласуға болады.
Фото: архив