• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Дүйсенбі, Қыркүйек 7, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

Сыртқы істер министрі орыс депутаттарының мәлімдемелеріне түсінік берді

23.12.2020
0

ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Ресей Мемлекеттік Думасының депутаты Вячеслав Никоновтың Қазақстан территориялары туралы сыңаржақ мәлімдемесіне түсініктеме берді, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Оның айтуынша, депутат Никоновтың мәлімдемесінен кейін Ресей Федерациясы елшілігінің уақытша өкілі Сыртқы істер министрлігіне шақырылған, өйткені елші ол кезде Мәскеуде іссапармен жүрген. Осыдан кейін бұл мәлімдеме бойынша Ресейге нота жолданды.

Қолданыстағы тәжірибеге сәйкес, олар ресми түрде жауап бермейді, бірақ өздері қабылдаған шаралар туралы есеп береді. Олар (елшілік) Парламент пен Президент Әкімшілігіне хабарласып, мұндай сөздерді сынға алды. Әрине, бұл сөздер мені қазақ, Қазақстанның азаматы ретінде қатты намысыма тиді. Отанымыздың тарихын білетін адам ретінде бұған орыс тілінде былай деп жауап берер едім: «Это бред сивой кобылы» (Көк сиырдың шайнаған сандырағы). Ең алдымен, тарихқа арқа сүйеу керек. Сыртқы істер министрі ретінде мұның Ресей Федерациясының ресми ұстанымына сәйкес келмейтіндігін айтқым келеді, — деді Мұхтар Тілеуберді Мәжілістің жалпы отырысында.

Сыртқы істер министрі заңнамалық деңгейде мемлекеттік шекара делимитацияланғанын, заңнамалық деңгейде Қазақстан мен Ресей арасында екіжақты келісімге қол қойылғанын да баса айтты.

Қазір біз мемлекеттік шекараны белгілеп жатырмыз, пандемияға байланысты бұл процесс тоқтатылды, сондықтан біз үш жыл ішінде демаркацияны аяқтаймыз. Екі мемлекет арасында стратегиялық серіктестік қалыптасты. Бұл барлық екіжақты құжаттарда айқын көрініс тапқан, сондықтан біз Ресей Федерациясымен қатынастарымызды халықаралық құқық негізінде дамытатын боламыз, — деп сөзін қорытындылады министр.

12 желтоқсанда ҚР Сыртқы істер министрлігі Ресейге Мемлекеттік Думасының депутаты Вячеслав Никоновтың «Қазақстан территориясы — Ресейдің тарту еткен керемет сыйы» деген мәлімдемесіне байланысты нота тапсырды.

ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Марат Сыздықов Ресей Федерациясының уақытша сенімді өкілі Александр Комаровпен кездесу кезінде бұл мәлімдемеге таң қалысын білдірді. Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі кейбір ресейлік саясаткерлердің Қазақстанға қатысты жиі-жиі арандатушылық шабуылдары мемлекеттер арасындағы одақтастық қатынастарға үлкен зиян келтіріп отырғанын атап өтті.

Никоновтың өзі өзінің Telegram-каналында «Қазақстан Республикасының шекарасына айналған Қазақ КСР-нің шекараларын анықтағанда Қазақстанның мүдделері толығымен сақталды» деп жазды және ол «Большая игра» бағдарламасында тура осыны айтқысы келгенін жеткізді. Ол сондай-ақ «бауырлас Қазақстан халқына деген ықыласы ыстық екенін» білдірді.

Кейін Мемлекеттік Дума Ресей Қазақстанның егемендігін толығымен мойындайтынын, екі ел әртүрлі саладағы достық және серіктестік байланыстарды жақтайтындығын, сондықтан Мемлекеттік Думаның депутаты Вячеслав Никоновтың мәлімдемелеріне қатысты туындаған ыңғайсыз жағдай реттеледі деп мәлімдеді.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

МЕРГЕНДЕР БӘСЕКЕСІ БАСТАЛДЫ

ЦИФРЛЫҚ КЕҢІСТІКТЕГІ ҚАЗАҚ ТІЛІ

Айғақ медиа
03.09.2026
0

Қай тілде білім алсаң, сол ұлтқа қызмет етесің. Бүгінде баланың тәрбиесі мен танымына цифрлық контенттің әсері зор. Алайда экраннан үздіксіз...

МЕРГЕНДЕР БӘСЕКЕСІ БАСТАЛДЫ

МЕРГЕНДЕР БӘСЕКЕСІ БАСТАЛДЫ

Айғақ медиа
03.09.2026
0

Ұшатын тәрелкенің орнына үйрек болса қайтер еді? Бірақ мергендер нысана ретінде кішкентай ұшатын табақшаларды көздеп, дәлдікпен атып түсірді. Шымкенттегі «Shooting...

ҮЗДІК ОТБАСЫ АНЫҚТАЛДЫ

ҮЗДІК ОТБАСЫ АНЫҚТАЛДЫ

Айғақ медиа
03.09.2026
0

Шымкентте өнегесімен көпке үлгі болған жанұялар марапатталды. «Мерейлі отбасы – 2026» ұлттық байқауына қатысқан 12 әулеттің ішінен үздігі анықталып, жеңімпаз...

МАМАНДЫҚ ТАҢДАУҒА КӘСІБИ БАҒДАР

МАМАНДЫҚ ТАҢДАУҒА КӘСІБИ БАҒДАР

Айғақ медиа
02.09.2026
0

Елдегі экономиканы дамыту тетігінің бір ұшы- жастарда. Десе де бүгінде жоғарғы оқу орнын бітірген түлектер арасында өз мамандығымен жұмыс істемейтіндер...

1400 АЗАМАТ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРЫЛАДЫ

1400 АЗАМАТ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРЫЛАДЫ

Айғақ медиа
02.09.2026
0

Күзгі әскерге шақыру науқанындағы алғашқы толқын міндетті әскери борышын өтеуге аттанды. Шымкенттен 23 жас сарбаз ел шекарасын күзету үшін Жамбыл...

МЕМҚЫЗМЕТШІЛЕР ШАХМАТ ТАҚТАСЫНДА

МЕМҚЫЗМЕТШІЛЕР ШАХМАТ ТАҚТАСЫНДА

Айғақ медиа
02.09.2026
0

Үшінші мегаполисте алғаш рет мемлекеттік қызметкерлер арасында шахмат турнирі өтті. «Government Chess Cup 2026» сайысына түрлі мемлекеттік мекемелерден құралған командалар...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.