• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сейсенбі, Маусым 10, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

ЕЛБАСЫ ҚОРЫ ТҮРКІСТАНДЫҚ БАЛАЛАРҒА ОРТАЛЫҚ ТАРТУ ЕТТІ

15.12.2020
0

Нұрсұлтан Назарбаев «Ел үміті» және «Қамқорлық» бастамалары форумына қатысты. Форум барысында «Ел үміті» жеңімпаздарын марапаттау және Нұр-Сұлтан қаласында, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарында оңалту орталықтарының ашылу салтанаты өтті.Форумға қатысушылар алдында сөйлеген Елбасы тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап мемлекет әрқашан бәсекеге қабілетті жастарды тәрбиелеуге ерекше назар аударғанын атап өтті. «Жастар жылы аясында дарынды балаларды қолдау мақсатында мен« Ел үміті »бастамасын ұсындым. Сонымен қатар, біз маңызды жоба — «Қамқорлықты» бастадық. Бүгін біз осы бастамалардың нәтижелерімен таныстық», — деді Нұрсұлтан Назарбаев.Онлайн түрде өткен шарада Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев сауықтыру орталығының тұсауын кесіп, Елбасының еліміздің дарынды жастарын анықтау және қолдау бойынша «Ел үміті» бастамасының жеңімпаздарын марапаттады. «Елбасы медалі» бойынша бес бағытта көш бастаған Сарыағаш ауданының оқушысы Марғұлан Әділбек, «Мың бала» ұлттық олимпиадасының жүлдегері, Жетісай ауданының  «Дарын» мектеп-интернатының оқушысы Өтелбай Дәуірхан, Шымкент қаласындағы ер балаларға арналған лицей — интернатының оқушысы Шерхан Жамбеков арнайы медальдарға ие болды. Нұрсұлтан Назарбаев қорының «Қамқорлық» оңалту орталығы Түркістан облыстық балалар ауруханасының тұсынан ашылды. АҚШ, Италия, Германия, Австрия және Ресей мемлекеттерінен әкелінген 100-ге жуық жаңа құрал – жабдықтармен қамтылған. Бас серіктес — «Самұрық Қазына» ҰӘҚ АҚ. Орталық Түркістан облысы мен Шымкент қаласының балаларын қабылдайды. Тиімді емдеу тәсілінің бірі — ғарышкерлерге арналған сенсорлы киім. Сауықтыру орталығында «Тіркеуге арналған аудиометриялық модуль» орнатылған. Түркістан облысындағы алғашқы құрылғының көмегімен жаңа туылған нәрестелерден бастап, гиперкинетикалық сал ауруы және аутизммен ауыратын науқастарды зерттеуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, бейне-электроэнцефалография кабинеті жұмыс істейтін болады. Бұл ерекше қамқорлықты қажет ететін балалар үшін таптырмайтын мүмкіндік.Жалпы 500 шаршы метрді қамтитын орталықта  механотерапияға арналған жабдықтар, иппотерапияға арналған s-rider Sky тренажері, «Атлант» нейро-ортопедиялық пневмокостюмі, «Мультистенедер Дженкс» тренажері, жүруге және аяқ-қолдарға арналған тренажер, позициялық жүйелер, монтессори дамытушы тренажерлар жиынтығы мен қолдың ұсақ моторикасын дамытуға арналған ойын терапиясы жиынтықтарымен жасақталған.  Орталықта білікті мамандар соңғы емдік әдістерді пайдалана отырып нейро-ортопедиялық бұзылулары бар балалар мен жасөспірімдерге кешенді медициналық-әлеуметтік және психологиялық-педагогикалық көмек көрсетіп, сауықтыру шараларын жүргізеді. 17 маман, оның ішінде реабилитолог, физиотерапевт, 5 ЛФК нұсқаушысы, неонатолог, невролог, логопед, дефектолог, психолог дәрігерлері жұмыс істейді. Мамандардың барлығы арнайы даярлықтан өткен.Оңалту курсы 21 күнді құрайды. Мұнда жылына 360 баланы сауықтыру жоспарлануда. Ерте даму орталығындағы кешенді емі мүмкіндігі шектеулі балалардың әлеуметтік және ақыл, дене жағынан дамып жетілуін қалыптастыруға септігін тигізеді. Атап айтқанда, қозғалыс пен сөйлеудегі көрсеткіштерін қалпына келтіруге мүмкіндік береді. «Қамқорлық» бастамасы — ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған қам-қарекет. Инклюзивті қоғамды дамыту – мемлекет пен қоғам алдында тұрған аса маңызды міндеттердің бірі. Қазақстанда ерекше білім алу қажеттілігі бар 153 000 бала бар.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ НЫШАНЫН ӘЗІРЛЕУГЕ БАЙҚАУ ЖАЛҒАСУДА

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ НЫШАНЫН ӘЗІРЛЕУГЕ БАЙҚАУ ЖАЛҒАСУДА

Айғақ медиа
23.05.2025
0

Түркістан қаласының нышанын (герб) әзірлеуге конкурс жарияланған болатын. Өтінім қабылдауға санаулы күн қалды, 3-маусымға дейін. Үздіктері қаржылай марапатталатын болады. Атсалысуға...

Я ПОГИБ ПОД РЖЕВОМ

Я ПОГИБ ПОД РЖЕВОМ

Айғақ медиа
05.05.2025
0

      Ранней весной 2013 года в мой адрес поступил звонок от  президента  ТРК «Айгак»  Абиш Дулатбека Назарбековича с...

ЖАТ ҚЫЛЫҚ ЖАРҒА ЖЫҒАР

ЖАТ ҚЫЛЫҚ ЖАРҒА ЖЫҒАР

Айғақ медиа
11.04.2025
0

Суицид, нашақорлық және діни экстремизм қазіргі қоғам дерті. Аталған мәселелердің алдын алу үшін Сайрам ауданы прокуратурасының бастамасымен кәмелетке толмағандар арасында...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ ШЫҢҒЫС ӘРІНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

ҚАЗАҚСТАНДА ӨСІМДІК МАЙЫ ӨНДІРІСІ 26%-ҒА АРТТЫ

Айғақ медиа
25.03.2025
0

2024 жылы майлы дақылдар алқабы 2,9 млн га дейін жеткізілді. Майлы дақылдар егістіктерінің ең көп алқаптары Солтүстік Қазақстан (жалпы егіс...

ҚАЗАҚСТАНДА «УЫЛДЫРЫҚ ШАШУ» КЕҢ АУҚЫМДЫ БАЛЫҚ ҚОРҒАУ АКЦИЯСЫ БАСТАЛАДЫ

ҚАЗАҚСТАНДА «УЫЛДЫРЫҚ ШАШУ» КЕҢ АУҚЫМДЫ БАЛЫҚ ҚОРҒАУ АКЦИЯСЫ БАСТАЛАДЫ

Айғақ медиа
25.03.2025
0

Көктемгі-жазғы кезеңде Қазақстанда табиғи өсімін молайту кезеңінде су биоресурстарын сақтауға бағытталған «Уылдырық шашу» дәстүрлі балық қорғау акциясы өткізілетін болады. Өңірлік...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ ШЫҢҒЫС ӘРІНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

ҚР АШМ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ БЕРГЕН ТАПСЫРМАЛАРЫН ОРЫНДАУ БОЙЫНША ШАРАЛАР ҚАБЫЛДАУДА

Айғақ медиа
25.03.2025
0

Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов Мемлекет басшысының IV Ұлттық құрылтайда айтылған тапсырмаларын орындау үшін ведомство қабылдайтын шаралар туралы...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.