• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сәрсенбі, Мамыр 13, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Оңтүстікте қайырымдылық концерті өтті

29.09.2016
0

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысында «Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына 25 игі іс» іс-шарасы аясында «Жасай бер, Қазақстан!» облыстық өнер қызметкерлерінің қайырымдылық концерті өтті. Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияда ұйымдастырылған концерттік шараға қайырымдылық жасау үшін өңіріміздің ардагерлері, кәсіпкерлері мен жомарт азматтары және аудан, қала әкімдіктердің, облыстық басқармалардың өкілдері, денсаулық сақтау мекемелері қатысты. Ел Тәуелсіздігінің ширек ғасырлық тойы аясында ұйымдастырылған қайырымдылық шарадан түскен қаржы облысымыздағы тірек қимылы бұзылған балалардың (ДЦП) еміне жұмсалатын болады.

Облыстық мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен өңірдің күміс көмей әншілері мен мәдениет майталмандары тегін өнер көрсетіп, мерекелік кешке өз үлестерін қосты.   Жалпы бүгінгі қайрымдылық шараға түскен қаржының соммасы 1 млн. 116 мың теңге. Аталған қаржы «ЖИТС-тен балаларды қорғау» қайырымдылық қоғамдық қорына аударылып, медициналық көмекті қажет ететін тірек қимылы бұзылған мүмкіндігі шектеулі балалардың еміне жұмсалатын болады. Сонымен қатар, өңіріміздің қайырымды жандары өз қаржысын «ЖИТС-тан балаларды қорғаймыз» қайырымдылық қоғамдық қорының есепшотына  (Мекеме реквизиттері — БИН: 060940002643, БИК: CASPKZKA, ИИК: KZ95722S000000527461, АО «KASPI BANK», Тел: 8(7252) 39-26-88, 8(7252) 39-48-59)  аударуға да мүмкіндігі бар. «Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына 25 игі іс» аясындағы ұйымдастырылған арнайы есепшот 2016 жылдың 16 желтоқсанына дейін жұмыс істейтін болады.

Айта кетейік, жыл басынан бері облыс көлемінде аталып өткен қайырымдылық іс-шараларының ауқымы кең. Мәселен, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасынан және демеушілер тарапынан өңірдегі Батыр аналар мен көп балалалы аз қамтылған аналар, Ұлы отан соғысының ардагерлері, жалғыз ілікті қарттар, тыл еңбеккерлері, мүгедек балалар, мүгедек азаматтар және аз қамтылған отбасылар сынды 68 мыңға жуық азаматқа жалпы сомасы 31 млн. теңгедей ақша жұмсалған. Оның 70 пайызы қайырымды жандардың есебінен көрсетілген көмек болып табылады.

Ал осы мерзімде Оңтүстік Қазақстан облысы Қазақстан Халқы Ассамблеясы 100-ге жуық қайырымдылық іс-шараларын өткізді. Аталған игі шараларда 27 мыңнан астам адамға 84 млн. теңгеге жуық қаржылай және заттай көмек көрсетілді. Сонымен қатар, Ассамблеяның ұйытқы болуымен өңірдегі ауыр науқасқа шалдыққан 6 балаға Алматыда кезектен тыс ем алу үшін 800 мыңға жуық теңгені құрайтын емдік қолдау шаралары көрсетілді. Мұндай игі шаралар Оңтүстік Қазақстан облысында жыл соңына дейін жалғасатын болады.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ҚАРАТАУҒА 4,2 МЛРД ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛҒАН

ЖӨНСІЗ ҚОЙЫЛҒАН ЖОЛ КЕДЕРГІЛЕРІ

Айғақ медиа
01.05.2026
0

Қоғамдық кеңес отырысы бұл жолы өткір сұрақтар мен өзекті мәселелерге толы болды. Жол қауіпсіздігі сынға алынып, рұқсатсыз орнатылған жол кедергісінің...

ҚАРАТАУҒА 4,2 МЛРД ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛҒАН

ҚАЗЫНА ҚАРЖЫСЫ ҚАЙДА ЖҰМСАЛДЫ?

Айғақ медиа
01.05.2026
0

2025 жылы қала бюджеті бірнеше рет нақтыланып, жалпы көлемі 891,5млрд теңгеге жетті. Жыл қорытындысында түсімдер жоспары артығыменорындалғанымен, кейбір салаларда қаржы...

ҚАРАТАУҒА 4,2 МЛРД ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛҒАН

ҚАРАТАУҒА 4,2 МЛРД ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛҒАН

Айғақ медиа
01.05.2026
0

Жыл басынан бері Қаратау ауданындағы құрылыс жұмыстарына 4,2 млрдтеңге инфестиция тартылған. Бұл туралы қоғамдық кеңестің отырысында аудан әкімі айтты.Жиында Қаратау...

ПСИХОЛОГ МАМАНДАР ТАПШЫ

ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАРҒА ГРАНТ САНЫ АРТАДЫ

Айғақ медиа
30.04.2026
0

Алдағы оқу жылында Шымкенттегі колледждерге 6 мың грант бөлінбек. Сонымен қатар, жоғары оқу орындарының студенттеріне әкімдіктің қолдауымен 1 млрд теңгеге...

Elementor #134695

ПСИХОЛОГ МАМАНДАР ТАПШЫ

Айғақ медиа
30.04.2026
0

Шымкентте жасөспірімдердің психологиялық жағдайымен айналысатын арнайы орталық жұмыс істейді. 2025 жылы құрылған мекеменің негізгі міндеті – суицидтің алдын алу. Алайда,...

ҮКІМЕТ ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫН ТҮСІНДІРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫН БЕКІТТІ

ҮКІМЕТ ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫН ТҮСІНДІРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫН БЕКІТТІ

Айғақ медиа
06.04.2026
0

Қазақстан Республикасының Үкіметі 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясын түсіндіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті. Тиісті қаулыға Премьер-министр...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.