• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сәрсенбі, Қазан 29, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

Түркістан облысы праймеризге дайын

11.09.2020
0

 «Nur Otan» партиясының хатшысы Арман Қырықбаев Түркістан облысына жұмыс сапарымен келді. Мақсат – праймеризге дайындықты тексеру және өңірдегі партия белсенділерімен кездесу. Партия хатшысы Отырар ауданы, Түркістан және Кентау қалаларында болды. Алдымен  Отырар аудандық Мәдениет сарайында праймеризге қатысушылармен, одан кейін Арыс ауылында «Отырар» бастауыш партия ұйымының мүшелерімен жүздесіп, саяси науқанның маңызы туралы ой қозғады.

«Праймериз – партияның ішкі іріктеуі деп айтқанымызбен айналып келгенде бүкілхалықтық сипатқа ие болды. Әлеуметтік желілерде, интернет кеңістігінде осы тақырып сөз болып жатыр. Елбасымыз, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев праймеризді әділ әрі жоғары деңгейде өткізуді тапсырды. Бәріміз сенім үдесінен шыға білуіміз керек. Еліміздегі әділеттіліктің салтанат құруы, барлық мәселенің дұрыс шешілуі айналып келгенде өзімізге байланысты. Сондықтан партияішілік праймериз ережеге сай әділ әрі ашық өтуі тиіс. Партия басшылығы баршаңыздан осыны талап етіп отыр. Жұртшылықтың да ойы осы деп ойлаймын. Белсенді, іскер азаматтарды қатарға қосып, елдік мәселелерге араласуына жағдай жасау – міндетіміз», – деген Арман Оразбайұлы партияластардың сұрақтарына жауап берді.

Саясаттанушы, «Жақтастар лигасының» өкілі, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Ерлан Саиров еліміз үлкен өзгеріс қарсаңында тұрғанын айтты.

«Саяси өзгерістер ауылдан, ауданнан, облыстан басталады. Аудандық мәслихаттарға өзіндік ұстанымы бар қоғам белсенділері келуі керек. Бүгінгі таңда Қазақстанда 210 мәслихат құрамында 3335 депутат бар екен. Соның тек 2 пайызы ғана – жастар. Сондықтан әділеттілікті алдымен жергілікті елді мекендерде орнатуымыз керек. Сіздер, яғни, праймеризге қатысушылар үлкен өзгерістердің бастауында тұрсыздар», – деді Е.Саиров.

«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсен Тәжібаев партия мүшелері праймеризге арналған бағдарламаға арнайы тіркеліп, олардың дауыс беруіне жағдай жасалып жатқанын баяндады. Праймеризге қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

Бұдан кейін «Nur Otan» партиясының хатшысы Арман Қырықбаев Кентауда бастауыш партия ұйымы төрағаларымен және ұйымдастыру комитетінің мүшелерімен, сондай-ақ праймеризге қатысушылармен кездесті.

Бұл кездесуде «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсен Тәжібаев, Кентау қаласының әкімі, партияның аудандық филиалының төрағасы Дәурен Мақажанов және БПҰ төрағалары ұйымдастыру барысымен таныстырды.

Кентаудағы дауыс беретін орындарды аралап, дайындық барысын пысықтады. Кентау қаласындағы БПҰ төрағалары да көкейде жүрген ойларын айтып, праймеризге дайын екендіктерін жеткізді.

«Nur Otan» партиясының праймеризіне Түркістан облысының жастары ерекше қызығушылықпен қатысып жатыр. Облыста 1144 үміткер тіркелсе, оның ішінде жастардың үлесі – 341. Бұл – жалпы қатысушылардың 29,8 пайызы. «Nur Otan» партиясының хатшысы Арман Қырықбаев Түркістан жастарымен жүздесіп, еркін пікір алмасқан соң Түркістан қалалық филиалында ұйымдастыру комитеті өкілдерімен кездесу өткізді. Оған  Түркістан қаласының әкімі, партияның қалалық филиалының төрағасы Рашид Аюпов және ұйымдастыру комитетінің өкілдері қатысты.

Кездесуде Арман Қырықбаев облыста праймериз жоғары деңгейде өтуі тиіс екеніне тоқталып, партия филиалына бірқатар тапсырма берді. Ұйымдастыру барысындағы мәселелерді тыңдап, ой бөлісті.

Жалпы Түркістан облысы праймеризге қатысушылар саны бойынша республикада бірінші орында тұр. Өңірде офлайн өтініш бергендер саны – 513, онлайн өтініш бергендер саны – 631. Дауыс беруге және дебаттарды өткізуге арналған 209 орын белгіленді. Дауыс беру форматы бойынша электрондық бюллетень арқылы онлайн форматта 170 орында, дәстүрлі қағаз бюллетенімен 39 орында өтеді.

 «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

2026 ЖЫЛДАН БАСТАП МҰҒАЛІМДЕР МЕН ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ САЛАСЫНА ҚЫРУАР ҚАРЖЫ БӨЛІНБЕК

2026 ЖЫЛДАН БАСТАП МҰҒАЛІМДЕР МЕН ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ САЛАСЫНА ҚЫРУАР ҚАРЖЫ БӨЛІНБЕК

Айғақ медиа
27.10.2025
0

Мәжілістің жалпы отырысында Қаржы министрі Мәди Такиев “2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы” заң жобасын таныстырып, алдағы үш жылға арналған...

ЕНДІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР АЛҒАШҚЫ ЖҮРГІЗУШІ КУӘЛІГІНЕ ӨТІНІШТІ ОНЛАЙН БЕРЕ АЛАДЫ

ЕНДІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР АЛҒАШҚЫ ЖҮРГІЗУШІ КУӘЛІГІНЕ ӨТІНІШТІ ОНЛАЙН БЕРЕ АЛАДЫ

Айғақ медиа
27.10.2025
0

Қазақстандықтар енді ХҚКО мобильді қосымшасы арқылы алғашқы жүргізуші куәлігін алуға өтініш бере алады. “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы процесс бар болғаны...

ЖҰМАТ ШАНИН РУХЫМЕН ӨРІЛГЕН ЖАҢА МАУСЫМ

ЖҰМАТ ШАНИН РУХЫМЕН ӨРІЛГЕН ЖАҢА МАУСЫМ

Айғақ медиа
22.10.2025
0

Ж.Шанин театры 97-ші маусымның шымылдығын түрді. Сахна құдіретін жанымен сезініп, театр өнерін биікке көтерген әртістер өткен маусымда ауыз толтырып айтарлық...

ЖАСТАРҒА ЖОЛ КӨРСЕТКЕН ҒАЛЫМ

ЖАСТАРҒА ЖОЛ КӨРСЕТКЕН ҒАЛЫМ

Айғақ медиа
21.10.2025
0

  Кәрімбек Құрманәлиев Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің «Құрметті профессоры» атанды. Белгілі ғалым оқу ордасының студенттері, магистранттары және докторанттарымен кездесті. Кездесу...

СУ ЖЕЛІЛЕРІ ТОЛЫҚ ЖАҢАРТЫЛАДЫ

СУ ЖЕЛІЛЕРІ ТОЛЫҚ ЖАҢАРТЫЛАДЫ

Айғақ медиа
18.10.2025
0

Шымкент қаласында инженерлік инфрақұрылымды жаңарту жұмыстары қарқын алып келеді. Қала әкімдігінің «Су құбыры және канализация басқармасы» мекемесі инвестициялық бағдарлама аясында...

ҒАСЫРЛАРДАН ЖЕТКЕН КИМЕШЕК — ҚАЗАҚ ӘЙЕЛІНІҢ СӘНІ

ҒАСЫРЛАРДАН ЖЕТКЕН КИМЕШЕК — ҚАЗАҚ ӘЙЕЛІНІҢ СӘНІ

Айғақ медиа
17.10.2025
0

Бүгінде Көне шаһарда Бес сусағынан өнер өрілген шеберлер мәдениғт пен өнерді дәріп қала мәдениетін одан әрі көркейтуде. Ұлттық қолөнерді жаңа...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.